Атырау қаласының маңындағы бөгет бұзылды

1472
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Astana TV
Сурет: Astana TV

Бүгін, 24 мамырда судың көптігі мен қатты желдің салдарынан Атырау қаласының маңындағы Соколок каналы бойындағы бөгет бұзылды. Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Соколок» каналы— Атырау қаласына бағытталған үлкен су нөпірін Жайық өзені арқылы реттеудің негізгі элементтерінің бірі. Осыған байланысты канал бойындағы алғашқы қорғаныс нысанына қосымша, қаланы тасқын сулардан қорғауға арналған екінші қорғаныс нысаны салынғанын атап өткеніміз жөн. Екінші қорғаныс бөгетінің  беріктігін қамтамасыз ету мақсатында, қосымша  нығайту жұмыстары жүргізілді»,—делінген хабарламада.

Жедел штаб бөгеттің биіктігі Балтық биіктік жүйесінің деңгейіне сәйкес ұлғайтылғанын мәлімдеді.

«Бұл учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып отыр. Қазіргі уақытта жағдайдың өзгеруіне байланысты қажетті шешімдер алу үшін  қосымша техникалар жіберілді»,—деп түсіндірді мамандар.

Пікірлер