Білім министрі "Педагог мәртебесі туралы" заңды дайындап жатыр

2096
Adyrna.kz Telegram

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын депутаттардың қарауына енгізу мерзімін нақтылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір біз "Педагог мәртебесі туралы" заңды дайындап жатырмыз. Оны өздеріңіз білесіздер, министрлік бұл заңды бір жыл бойы жан-жақты талқылады, сондықтан қыркүйекке дейін біз бұл заң жобасын мәжіліске кіргізуіміз керек. Сол себепті нақты шешімдер болғаннан кейін барлығын білетін боласыздар", - деді Аймағамбетов Sputnik Қазақстан тілшісі берген сұхбатында.

Айта кетесек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың мәртебесіне қатысты заңды жылдың соңына дейін қабылдауды тапсырды.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы мұғалімдер осы заңның игілігін, пайдасын сезінуі тиіс екенін атап өтті. Сонымен бірге президенттің айтуынша, ұстаздар білім саласымен қатар ғылым саласына да тиісті көңіл бөлуі керек.

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер