Қазаққа Жəкішев сияқты президент керек!

2920
Adyrna.kz Telegram

Қазаққа Жəкішев сияқты азамат президент болса ғана жоғын түгелдейді, ұрлағанын қайтарады. Жəкішев ғалым, ар мен ұжданның адамы, Республикалық мамандандырылған физика-математика мектебінің түлегі. Мəскеу инженерлік физика институтының түлегі. Арзымайтын уақытта ҚазАтомӨнеркəсібін əлемдік деңгейге шығара білді. Оның бар айыбы Жапония мен Канаданың озық өндірістік технологиясын тиімді пайдаланып, Ресейліктерді ығыстырып, қазақ мүддесіне жұмыс жасау ғана еді. Егер оның орнында мен деген жігіттер болғанда да ұзақ мерзімнен қабырғасы сөгіліп, өтірік жала мен өтірік қылмысын мойындай салып, тым ұзақ мерзімін қысқартуға тырысар еді. Жəкішев олай жасамады. Олай жасауға, өзіне жабылған қараны мойындай салуға оның намысы, тазалығы жібермеді. Ол мінез бен тазалықтың адамы. Сол үшін жүйеге қасқайып қарсы отыр. Ол өзінің ұжданы мен намысын құрбандыққа шалғысы келмеді. Міне, осы азамат қана нағыз қайраткер, ғалым, істің, елдің адамы. Қазақ мемлекетінің индустриялық, техникалық прогресінің революциясын жасайтын да тек осындай азаматтар. Түрмеде өтіп жатқан қайран 10 жыл...
Қазір бұлар оның бір ауыз сөзінен үрейі ұшады. Дарынды технократ Жəкішев біздің Ли Куан Ю болуы да мүмкін. Қазақ Жəкішевтің дарынын, жан дүниесін, бойындағы қабілетін, елім деген ниетін қаншалықты түсіне білді... Түсіне білгенде шығарып алар ма еді... Мұндай дарынды ұлтшыл ұлының жан дүниесін қазақ терең түсіне білгенде бір апта да отырғызбас еді.
Бұл ұлтқа, прогреске жасалған қылмыс. Обалы сендердің бала шағаларыңа болсын.

 

Бекболат ҚАРЖАН

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер