Саудагер спортшыға айналған жоба

2755
Adyrna.kz Telegram

Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған шарада Құқық педагогикасының магистры, толстағы полковник, «Дүйсенбілік спорт-2019» әлеуметтік жоба жетекшісі Мұхамеджан Әбдібеков сұхбат берген еді. Спорттық тақырыпты кеңінен қозғаған сүбелі әңгімемізді өскелең ұрпаққа ұсынамыз.

«Дүйсенбілік спорт-2019» Мемлекеттік-әлеуметтік жобасын ұйымдастырып жатырсыз. Жобаның негізгі мақсаты қандай?

«Дүйсенбілік спорт-2019» мемлекеттік-әлеуметтік жобасының негізгі мақсаты бұқаралық спорт саласында сауда мекемелерінде қызмет жасап жатқан жастардың дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылдануын белсенді бағытта қамтуды ұлғайту, Қазақстанның жастары саясатының қоғамға қажетті және пайдалы жұмыс бағыттарына жан-жақты тиімді қолдау көрсету, Қазақстан отаншылдығы мен елдігі қасиетін, сондай-ақ, ата-бабамыздың салт-дәстүрі, әдеп-ғұрыпы мен қасиетті ұлттық құндылықтарын дәріптеп, салауатты өмір салтын насихаттау. Яғни жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға негізделеді.

Тамаша! Бұл жоба неге «Дүйсенбілік спорт-2019» деп аталған? Дүйсенбіде ғана ұйымдастырыла ма сонда?

Дәл солай, қызым. Бұл жоба негізінен базар жұмысшыларына арналған. Базар жұмысшыларының жұмысқа беріліп кеткені соншалық, спортты ойлауға шамасы да келмей жатады. Сондықтан базаршылардың демалыс күні дүйсенбі болғандықтан «Дүйсенбілік спорт-2019» деп атадық.

Жоба спорттың қандай түрлерін қамтиды?

Футбол, волейбол.

Футбол мен волейбол спорт түрлерінен өтетін сайыстың жалпы ережесі қандай?

Сайыстар әр дүйсенбіде, яғни сауда мекемелері қызметкерлерінің жұмыстан бос күндері өтеді. Спорттың футбол түрінен өтетін сайыстар ойынның үлкен соңы болатын күнді қосқанда, 8 дүйсебіні қамтитын болады. Спорттың волейбол түрінен өтетін сайыстар да осы іспетті. Әр сауда мекемелері командасының құрамы 6 ойыншыны құрайды, қосымша толыста 2-3 ойыншы қамтуға болады. Бір тайым ойынның ұзақтығы 10 минут, әр команда қарсыласымен екі тайым ойын өткізеді, нәтижесінде бір ойын 5 минут үзіліс уақытымен 25 минутті құрайды. Футбол ойындары шеңберлік тәсіл негізінде өтеді. Бір күнде – 2 топтың ойыны 2 алаңда өткізіледі, әр топта – 6 ойыннан болады, барлығы 12 ойын. 6 ойынға – 150 минут кетеді, ол кемінде үш сағатты құрайды. Командаға сауда мекемесі қызметкерінен тыс адам кіргені айқындалса, ол команда ойыннан шеттетіледі және жеңілген команда болып саналады. Команда ойыншыларының киім-кешегі бір келкі, ал әр сауда орнының командаларының өзіне тиісті киім үлгісі болуы қажет және командада сауда мекемелерінің аты жасалған тақтайша болуы керек. Сайыс барысында ойын ережелерін бұзу қатаң жазаланады, яғни ережелерді бұзуға және қоғамдық тәртіпті бұзуға қатаң түрде тиым салынады.Төрешінің пәрмені заң, оған команда және оның мүшелері тарапынан қарсылық көрсетілсе, айып ретінде команда жеңіліске ұшырайды немесе жеңіліс тағылып ойыннан қуылады. Әр команда капитаны ұйымдастырушы мекемеге сайысқа қатысушы ойыншылардың тегі, аты-жөні, жеке куәлік мәліметі көрсетілген және қауіпсіздік пен тәртіп шараларымен әр ойыншы танысты деген сауда мекемесі әкімшілігінің мөрі басылған тізімді ұсынады.

 


Жобаның жүлделері жақсы шығар?!

Сайыстың жалпы жүлде қоры үш миллионнан астам тенгені құрап, соның ішінде жеңімпаз командаларға диплом, кубок және команда мүшелеріне медаль мен мадақтама тарту етіледі. Сондай-ақ, бірінші орын үшін командаға жүз елу мың тенге, екінші орын үшін командаға жүз мың тенге, үшінші орын үшін командаға елу мың тенге, төртінші орын үшін командаға отыз мың тенге ақшалай сыйлықтар беріледі.

Жобаға қанша базар қатысты?

Жалпы жобаға 32 команда қатысты. Солардың ішінен Грандфиналға 4 команда шықты.
Тамаша! 32 команданы ұйымдастыру оңайға соқпасы анық! Жобаның жүзеге асуына мұрындық болғандар кімдер?
2019 жылы ұйымдастырып өткізу қызметі, бірінші рет «АДЫРНА» ұлттық этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қорына жүктелді. Ал ұйытқы болған Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасы.

 

Сайыстың жүлделері қандай болмақ?

Сайыстың жалпы жүлде қоры үш миллионнан астам тенгені құрап, соның ішінде жеңімпаз командаларға диплом, бәйге ыдыс (кубок) және команда мүшелеріне медаль мен мадақтама беріледі. Сонымен қатар әр спорт түрінен бірінші орын үшін командаға жүз елу мың тенге, екінші орын үшін командаға жүз мың тенге, үшінші орын үшін командаға елу мың тенге, төртінші орын үшін командаға отыз мың тенге, мүсінше «спорт түрі жайлы» және мадақтама команда мүшелеріне беріледі.

 

 

Сайыс төрешілері кімдер?

Футбол сайыстарын жүргізетін төрешілер: Оразбеков Айдос, Сопбеков Данияр, Кабденов Оңғар, Касымбек Адильхан, Палтаев Ролан, Сабалаков Алмат, Мухаметжанов Архат. Ал Волейбол сайыстарын жүргізетін төрешілер: Сабалаков Алмат, Палтаев Ролан.

Сұхбаттасқан: Ақгүл АЙДАРБЕКОВА

Пікірлер