Шерзат Полат ісі 5 бап бойынша тергеліп жатыр

1716
Adyrna.kz Telegram
Сурет: orda.kz
Сурет: orda.kz

16 жастағы Шерзат Полаттың ісі Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша тергеліп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Талғар қаласында болған Ш.Полаттың өліміне қатысты Алматы облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 115-бабы (қорқыту), 432-бабы (қылмысты жасырып қалу) және 434-бабымен (қылмыс туралы хабарламау) қылмыстық істерді тіркеп, тергеп жатыр. Тергеу барысы менің жеке бақылауымда, оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлері де жұмыс істеп жүр», - делінген жауапта.

Министр «Қасақана кісі өлтіруге қатысты» деген күдікпен сегіз адам, «Қылмыс туралы хабарламау» бабы бойынша үш адам сот санкциясымен қамалғанын атап өтті.

Естеріңізге салайық, 4 қазан күні Талғар қаласында төбелес болып, 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапқан еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер