Тоқаев бес пайыздық зейнетақы аударымдарын енгізу мәселесін кейінге қалдырды

3146
Adyrna.kz Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қосымша бес пайыздық зейнетақы аударымдарын енгізу мәселесін 2023 жылға дейін қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Тоқаев Парламенттің біріккен отырысының VI шақырылымының 5-сессиясы барысында айтты.

"Үкіметке қосымша бес пайыздық зейнетақы аударымдарын енгізу мәселесін 2023 жылға дейін қалдыруды тапсырамын. Кейінірек осы мәселеге тағы ораламыз. Сол уақытқа дейін үкіметтегілер, бизнес өкілдері және сарапшылар бір келісімге келуі керек", - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауына.

Еске салайық, мұның алдында Президенттің бүгін, 2 қыркүйекте халыққа Жолдау жариялап, онда ішкі саяси мәселелер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері айтылатыны хабарланған еді.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәлидің айтуынша, Жолдау бүгін сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында жарияланып, сағат 15:00-де барлық республикалық телеарнадан көрсетіледі.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер