Тоқаев 5 жылға жетпей кетуі мүмкін...

5555
Adyrna.kz Telegram

Жалпы саны Қазақстанда 28 жылда 10 премьер-министр ауысыпты. Әр 2-3 жылда бір ПМ ауысып отырған.

Елбасының психологиялық портретін талдасақ ол кісі ешкімге сенбейді. Жоғары билік тізгіні қолында бар азаматты бір позицияда ұзақ ұстамайды. Министрлер кабинетін ең ұзақ басқарған (8 жыл) Карим Масимов. Себебі түсінікті деп ойлаймын.

Менің ойымша Тоқаевтың келесі сайлауға түсе қоюы екіталай. Егер жоспардан тыс қимылдай бастаса 5 жылға жетпей де кетуі мүмкін. Елбасы саяси күшін сақтауы үшін халық пен элита үйрене бастаған президентті екінші рет сайлауға түсірмейді. 2024 жылы президенттікке Тоқаевтың орнына басқа кандидат шығады деп ойлаймын. Бұл бірінші сценарии.

Екінші сценарии - біздің саяси жүйе толық Парламенттік басқаруға көшіп ПМ басты тұлға болады. Партияның рухани басшысы ретінде Елбасы өзі тағайындаған адаммен үкіметті, Парламентті әрмен қарай да басқара береді. Президент қазіргі біздің түсінігіміздегі позициядан толық кетіп символдық тұлғаға айналады.

Негізі саяси институттар жұмыс істемейтін елде болжау қиын. Бір кісіге бәрі тірелген жағдайда отырмыз. Ол кісінің ойында не барын ешкім толық білмейді. Бірақ сол кісінің психологиялық портретін талдап қана жобалауға болады. Не болса да бір нәрсе анық. Елбасының денсаулығы болып тұрғанда бізде не мықты президент, не саяси күші бар ПМ, не елдің алдында беделі бар Парламент болмайды.

Сондықтан Тоқаевтан үміт күткенше құдай өзі кешірсін табиғаттың заңынан үміт күткен ақылдырақ.

Бауыржан СЕРІКБАЕВ

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер