Балуан Шолақтың “жығылуы”

2928
Adyrna.kz Telegram

Мен палуандар, батырлар туралы оқығандарымды жинап жүремiн. Оқырмандарға “Тылсым дүние” газетiнде (12.06. 2006 жыл) жарияланған “Балуан Шолақтың мәрттiгi” атты мақаланы ұсынып отырмын. “…Жетiқоңырда жер-жерге ат шаптырылып хабар берiлген үлкен жиын өттi. “Осы жиынға Жетiқоңыр­дың атақты палуаны Найымбаймен күресуге Балуан Шолақ келiптi” деген дақпырт ел-елдi кезiп кеткен. Жетiқоңыр­лық Найымбай аса кiрпияз адам екен. Күресер алдында оңаша отырып бал ашып алатын болған. Сiрә, құмалақ “қарсыласыңды жығасың” деген ыңғай көрсеткенде ғана күреске түсетiн болса керек. Ал ендi өзi “мен бұл күреске шықпаймын” деп безiрейiп отырып алса, бай-бағланың да, Батыр Баяның да, ел жақсылары да өлердегi сөзiн айтып көндiре алмайды екен.Осы Жетiқоңырда өтетiн күреске Найымбай палуан оқыс мiнез көрсе­тедi. Күреске шықпайтынын жарысқа бiр күн қалғанда мәлiмдейдi. Жан-жаққа сауын айтылып, ел жиналып қойған. Әлде Найымбай атағы жер жарып, қазақ даласынан асып, сонау Ресейдiң Омбысы мен Томына, Шелебiсiне жетiп жатқан Балуан Шолақтың атақ-даңқынан сескендi ме, әйтеуiр, күреске шықпай қояды. “Найымбай күреске шықпаса шықпасын, Балуан Шолақтың ˜зi ортаға шығып, бой к˜рсет­сiн”, – дейдi На­йым­байға қатты ренжiген халық.

– Халайық, шуламаңыздар, ортаға Балуан Шолақ шығады, – деп хабарлайды тойды басқарып жүрген жiгiт ат үстiнен. Сол заматта шапанын үстiнен желбегей жамылған т˜ртбақ, дембелше келген Балуан Шолақ ортаға шыға келiп, оңқолын к˜терiп, екiншi қолымен кеудесiн басып, басын иедi. Тойды басқарып жүрген жiгiт:

– Нұреке, шамалы күте тұрыңыз, ел iшi ғой. Мүмкiн таудай талабы бар жас­тар табылып қалар! Жас та болса, сiздiң атақты, жауырыны жерге тимеген палуанның белiн ұстап көрудiңөзi де мәртебе ғой, – дейдi. – Кәне, орта­ға шығатын кiм бар? Кiм жықса, соған сәйгүлiк жегiлген пәуеске бар! Қане, кiм шығады?

– Ой, Балуан Шолаққа қарсы кiм шығады?! Жықпақ түгiлi, оған қарсы келетiн жiгiттiң жүрегiнiң түгi бар шығар?

Жиылған жұрт осылайша дабырласып, теңiздей толқып бiр сәт тұрып қапты. Сонда көп iшiнен балағын тү­рiнiп, екi бүйiрiн таянып, Бисары шыға келiптi: “Жығылсам жер көтередi. Қайта осындайда Балуан Шолақ ағамның белiн ұстап қалайын”, – деп анадай жерде жымиып тұрған Балуан Шолаққа жақындай бередi. Ортаға шыққан адам топ жарып шығатындай палуан кiсi емес. Шағын денелi, басқадан ˜згеше бiтiмi жоқ жан болатын.

– Ей, мына Бисарыға не жоқ? Қа­быр­ғасы күйреп, өлейiн деп жүрген болар.

– Ешкiм шықпаған соңқайтсiн? Жаңа жығылсам жер көтередi деп айт­қан жоқ па! Ел намысы үшiн шығып отыр ғой, – деп нөпiр көп дабырласып кеттi. Тек Балуан Шолаққолын көтергенде халыққұлаққа ұрған танадай болып тез тынышталған. Балуан Шолаққолын көтерген қалпы, қарсыласына жақындап келiп, орнынан тiк көтерiп алып, арқасынан қағып:

– Ниетiңе рақмет, бауырым! Сен жықтың, мен жығылдым! Бас бәйге сенiкi! – дептi. Жұрт алғашқы кезде түсiнбей аң-таң болған. “Бұған аңтарылатын ешнәрсе жоқ. Бисарының жүректiлiгiне атақты палуаннның көрсеткен мәрттiгi. Атасына рақмет!” – дейдi ел жақсылары.


 Мәкен Уақтегi, Төле би ауылы, Шу ауданы, Жамбыл облысы.

Пікірлер