Тбилисиде наразылар парламент ғимаратына от қойды

1690
Adyrna.kz Telegram
Фото: freepik
Фото: freepik

Тбилисиде наразылық акциясына қатысушылар Грузия парламент ғимаратына от қойды. Зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге белгісіз, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы APA.AZ басылымына сілтеп.

Осы оқиғадан біраз уақыт бұрын Грузия ІІМ баспасөз қызметі демонстранттар парламент ғимаратының шамамен 10 терезесін сындырғанын хабарлаған. Сонымен қатар, наразылық білдірушілер тастар мен басқа да заттарды пайдаланып, ғимараттың темір қоршауларын бүлдірген.

Оқиға орнында бірнеше бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жұмыс істеуде.

Бұл оппозицияның наразылық акциясы Грузияның премьер-министрі Ираклий Кобахидзенің 2028 жылға дейін ЕО-ға мүше болу жөніндегі келіссөздерді бастау мәселесін тоқтату туралы шешімін жариялағаннан кейін, 28 қарашада  басталды.

Жұмаға қараған түні арнайы жасақ наразылық білдірушілерді су атқыштарды қолдану арқылы таратып жіберді.

Кейінірек Тбилисиде екі күндік наразылық акциялары кезінде 100-ден астам адамның ұсталғаны белгілі болды.

Грузияның қазіргі президенті Саломе Зурабишвили мандатының мерзімі аяқталғанына қарамастан, өз өкілеттігінен бас тартпайтынын мәлімдеді.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер