Абайда автокөлік жарыс кезінде жардан құлап кетті

1722
Adyrna.kz Telegram
Фото: Абай облысының ПД
Фото: Абай облысының ПД

Абай облысында Ертіс өзенінінің жағасындағы жарыс кезінде жардан автокөлік құлап кеткен. Бұл туралы өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, көліктің ішінде төрт адам болған.

"Бүгін таңғы сағат 06:00-де Полковничий аралында, Бүркіт ұясы ауданы маңында жеңіл автокөліктің жардан Ертіс өзеніне құлап кеткені туралы хабар түсті. Алдын ала анықталған мәліметке сәйкес, көліктің ішінде төрт адам болған", – деп хабарлады полиция қызметкерлері.

Оқиға орнынан Семей қалалық полиция басқармасы басшысының орынбасары Жандарбек Ахметжанов ақпарат берді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция қауіпті жарыстарды өткізуге болмайтынын еске салды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер