Алматыда әйелін пышақтап өлтірген полицей туралы жаңа деректер шықты

1127
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Алматыда жұбайын пышақтап өлтірген полиция қызметкеріне қатысты тергеу жалғасуда, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті бұған дейін Алматы облысы Полиция департаментінде қызмет атқарған. Алайда белгілі бір себептермен жұмыстан шығарылған.

Қайғылы оқиға 30 сәуір күні түскі уақытта Шұғыла ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Көршілер пәтерден шыққан әйелдің көмек сұраған дауысын естіп, дереу полицияға хабар берген.

Оқиға орнына келген жедел тергеу тобы 40 жастағы ер адамның отбасылық жанжалдан кейін жұбайын пышақтап өлтіргенін анықтады. 34 жастағы әйел оқиға орнында жан тапсырған. Күдікті кейін өзіне де пышақ жарақатын салып, тамағын кесіп жіберген. Қансыраған ол дереу ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті — Алматы облысының жол-патрульдік полиция батальонында қызмет еткен. Ал қаза тапқан әйел — Ұзынағаш ауылындағы балабақша директоры болған. Ерлі-зайыптылардың артында үш бала қалды.

Оқиғаға байланысты ресми органдардан нақты түсініктеме берілмей отыр. Тергеу амалдары жалғасуда.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер