Путин Әзербайжаннан кешірім сұраудан бас тартты

1708
Adyrna.kz Telegram
Сурет: ТЖМ
Сурет: ТЖМ

Ресей президенті Владимир Путин Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines (AZAL) әуекомпаниясының жолаушы ұшағы апатына байланысты мәлімдеме жасауды жоспарлап жатқан жоқ. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі The Moscow Times басылымына сілтеме жасап.

«Алдағы уақытта апат тақырыбына қатысты мәлімдеме жасау жоспарда жоқ»,—деп қысқа жауап берді ол.

Бұған дейін Әзербайжан президенті Илхам Әлиев Ресейден кінәсін мойындауды және осы оқиғаға кінәлілерді жазалауды талап еткен еді. Сондай-ақ БАҚ-та елдің Ресейді халықаралық сотқа беруге дайындалып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын.

Еске салайық, Embraer ERJ 190-100 жолаушы ұшағы былтыр 25 желтоқсанда Ақтау қаласы маңына құлады. Апат салдарынан қаза тапқан 38 адамның алтауы – Қазақстанның, 25 адам – Әзербайжанның, жетеуі - Ресей азаматтары.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер