Нью-Йорктегі орман өрті. Билік төтенше жағдай жариялады

1181
Adyrna.kz Telegram

Нью-Йорк билігі қала маңындағы орман өртіне байланысты төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Bild басылымына сілтеме жасап.

Лонг-Айленд аралында қатты орман өрттері басталып, Нью-Йорктың элиталық аудандарына қауіп төндірді.

Бұл аудандарда Стивен Спилберг, Алекс Болдуин және Дженнифер Лопес сияқты танымал тұлғалар тұрады.

Нью-Йорк штатының губернаторы Кэти Хокул төтенше жағдай жариялап, жағдайдың одан әрі ушығуы мүмкін екенін ескертті.

АҚШ-тың ұлттық гвардиясы өртті сөндіру үшін төрт Blackhawk тікұшағын жұмылдырды. Нью-Йорк штатындағы кейбір жолдар өртке байланысты жабылып, тұрғындар эвакуациялануда.

Өрттің нақты себептері әлі белгісіз. Дегенмен жергілікті тұрғындар от тұтануына көлік апаты себеп болуы мүмкін екенін айтады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер