Израиль Газа секторында электр қуатын өшірді

1321
Adyrna.kz Telegram

Израильдің энергетика министрі Эли Коэн Газа секторына электр энергиясын беруді дереу тоқтату туралы бұйрық берді. Бұл туралы 9 наурызда The Times of Israel газеті жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Біз кепілге алынған адамдарды босатып, оларды Газада қалдырмау үшін қолымыздағы барлық мүмкін құралды пайдаланамыз»,—деді министр.

Ал Хамас өкілдері Израиль билігінің бұл шешімін Газа секторындағы атысты тоқтату келісімін өрескел бұзу деп атады.

«Израильдің соңғы әрекеттері барлық қол қойылған келісім мен халықаралық құқықты өрескел бұзуға жатады»,—деп пікір білдірді Хамас саяси бюросының мүшесі Иззат ар-Ришк.

Еске салайық, 19 қаңтарда Израиль Газа секторында атысты доғару режимі енгізілгенін жариялаған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер