Ақтөбеде полицей қызметтік қарудан танысын атып, жаралады

880
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Ақтөбеде полиция қызметкері қызметтік қарудан танысына оқ атқан, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға 25 наурызға қараған түні болған. Жарақат алған азамат ауруханаға жеткізілген.

 Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, құқық қорғау органдарының қызметкері қауіпсіздік ережелерін бұзып, абайсызда оқ атқан.

"Нәтижесінде оның танысы жарақат алды. Бұл факті бойынша ҚР ҚК 371-бабы 'Салақтық' бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда", – деп хабарлады ведомство.

Полиция өкілдері қызметкердің қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетілгенін атап өтті. Тергеу барысы облыстық полиция департаментінің бақылауында.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен азаматтың жағдайы тұрақты, ол ауруханада ем қабылдауда.

"Науқас 25 наурыз күні оқ жарақатымен түсті. Оған алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізілді", – деп хабарлады басқарма.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер