180 жылдық. Арменияда Абай Құнанбайұлы атындағы саябақ ашылды

1256
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Армения астанасы Ереванда Қазақстанның мәдени күндері аясында қазақтың ұлы ойшылы және ақыны Абай Құнанбайұлы атындағы саябақтың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Арменияға ресми сапары барысында мемлекеттер басшылары арасында жасалған келісімнің нәтижесінде жүзеге асты.

Іс-шараға Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Арменияның білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Жанна Андреасян, Ереван мэрінің бірінші орынбасары Армен Памбухчян және Қазақстанның Армениядағы елшісі Болат Иманбаев қатысты. Сондай-ақ екі елдің зиялы қауым өкілдері, жергілікті тұрғындар мен қонақтар жиынға куә болды.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Аида Балаева Армения билігіне алғысын білдіріп, бұл оқиғаның екі ел арасындағы мәдени байланыстарды одан әрі тереңдете түсетінін атап өтті.

— Армения астанасында қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлына арналған саябақ ашылып отыр. Бұл — екі халық арасындағы достықтың, өзара құрмет пен рухани байланыстың айқын көрінісі, — деді министр.

Іс-шара барысында Қазақстан мен Армения министрлері саябаққа естелік ретінде ағаш отырғызды. Ашылу соңында Абайдың "Сегіз аяқ" шығармасын орындаған домбырашылар ансамблі мен жергілікті өнерпаздар концерт қойып, қонақтар қазақ халқының ұлттық тағамдары және мәдениетімен танысты.

Сапар аясында Аида Балаева бастаған делегация Месроп Маштоц атындағы Матенадаран — көне қолжазбалар ғылыми-зерттеу институтына барып, армян халқының жазба мұраларымен танысты.

Айта кетейік, Абайға арналған ескерткіштер мен бюсттер әлемнің ондаған елінде орнатылған. Ал Арменияда бүгінгі таңда 100-ден аса қазақстандық кәсіпорын жұмыс істейді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер