Түркияда жер сілкінді. 6,2 балдық зілзаладан кейін 20-дан астам афтершок тіркелді

1049
Adyrna.kz Telegram

Сейсмологтар Стамбул маңындағы жер сілкінісінен кейін 20-дан астам афтершокты тіркеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығының (EMSC) мәліметінше, Мәрмәр теңізі маңындағы 6,2 магнитудалы негізгі зілзаладан кейін бірнеше сағат ішінде магнитудасы 5,0-ден 1,6-ға дейінгі аралықта 20-дан астам афтершок болған.

Қайталанған жерасты дүмпулері Стамбул мен оған жақын орналасқан өңірлерде сезілген. Сарапшылар афтершоктар бірнеше күнге созылуы мүмкін екенін айтып, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақыруда.

Бұған дейін 23 сәуір күні жергілікті уақытпен 12:49-да Силиври қаласынан оңтүстікке қарай 26 шақырым жерде 6,2 магнитудалы күшті жер сілкінісі тіркелген болатын.

Жер сілкінісі Түркияның Төтенше жағдайлар және табиғи апаттардың салдарын жою басқармасы (AFAD) мәліметіне сәйкес, Стамбул, Текирдаг, Ялова, Бурса және Балыкесир провинцияларында сезілді. Қаза тапқандар мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түспеген.

Сондай-ақ, Түркия парламентінің спикері Нуман Куртулмуш табиғи апатқа дайын болуға шақырды.

"Стамбулда күтілетін жер сілкінісі табалдырықта тұр. Біздің мекемелеріміз, халқымыз – барлығымыз мұндай апатты ең аз шығынмен еңсеруге дайын болуымыз керек", – деді ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер