Иранның Исламшехр қаласында қайғылы оқиға орын алды. 18 жастағы Фатеме Солтани есімді қызды туған әкесі пышақтап өлтірді.
БАҚ беттерінде, қайғылы оқиғаға себеп - қыздың әйелдер салонында жұмыс істеуі делінген.
“Фатеме Солтани әкесінен қорқып, сұлулық салонында жұмыс істейтінін жасырған. Алайда әкесі оның жұмыс орнын анықтап, клиент ретінде салонға хабарласып, мекенжайын біліп алған”, делінген БАҚ беттерінде.
Ал ВВС-ге қыздың бауыры берген сұхбатында, қыз әкесінің анасына жасаған қиянатын білгендіктен өлтірген.
Әкесі оны көшеде өлтіргеннен кейін, өзі полицияға берілген.
Алғашқы тергеуде ол өз әйелімен арасы нашар болғанын айтып, әйелінен кек алу үшін осы әрекетке барғанын айтқан.
Мәліметке қарағанда, енді әйелі мен ұлы әкесіне қысас жазасын сұрап отыр. Яғни, өш алу, әкесін де өлім жазасына кесу.
Оқиға орнында болған куәгерлердің айтуынша, ер адам пышақпен сұлулық салонына кіріп, қызын шашынан ұстап, бірнеше рет пышақтаған. Ол қызын өлтірмек болып, басын кесуге тырысқан, бірақ сырттағы адамдардың айқайынан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.
Кейінірек ол әйеліне қоңырау шалып: "Мен сені осы қайғымен қалдырдым" деген.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қылмыскер ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Фатеме әкесінің жиі көрсететін зорлық-зомбылығынан қашып, бөлек тұруға мәжбүр болған.
Бұл оқиға Ирандағы әйелдердің құқықтары мен отбасылық зорлық-зомбылық мәселелеріне қоғам назарын аударды. Мысалы, 2024 жылдың наурызынан қыркүйек айына дейін Иранда туыстары немесе отбасы мүшелері тарапынан 78 әйел өлтірілгені хабарланған.