25 сәуірде Эквадорда 6,3 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Жергілікті геофизика институтының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Эсмеральдас провинциясынан солтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде орналасқан. Оның толқыны Манаби, Гуаяс, Лос-Риос, Эль-Оро, Пичинча, Санто-Доминго-де-лос-Цачилас, Имбабура, Химборазо, Эсмеральдас және Тунгурауа сынды бірқатар елдімекенде сезілген.
Жер сілкінісіне байланысты цунами қаупі туралы ескерту жарияланбады. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы да мәлімет берілмеді.
Еске салайық, 2016 жылы Эквадорда болған жер сілкінісінің салдарынан 70-тен аса адам қаза тапқан еді.