Қырғызстанда «жалдамалыларды соғысқа тарту ісі» аясында ресейлік саяси технолог, «Улыбаемся и машем» Telegram арнасының авторы Виктор Васильев ұсталды. Бұл туралы 24 сәуірде Kloop агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ер адам 17 маусымға дейін қамауда болады. Ресей азаматы Қырғыз Республикасының қылмыстық кодексінің 416-бабы бойынша күдікті деп танылып отыр. Бұл бапта шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысу үшін жалдамалыларды тарту, қаржыландыру, материалдық қамтамасыз ету және оқыту әрекеттері қарастырылған.
Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанда «жалдамыларды соғысқа тарту ісі» бойынша төрт адамның ұсталғанын жазған едік.