Көкшетау қаласындағы жылу жүйелерін жөндеуге Үкімет резервінен 1,1 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Құжатқа сәйкес, 2025-2026 жылдарға арналған жылу беру маусымына дайындық және кезеңнің іркіліссіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында Көкшетау қаласының жылу көзінде (АҚ-2) жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Ақмола облысының бюджетіне қаражат аударылады.
«Қаражат «Көкшетау жылу» кәсіпорнының автоматтандырылған жүйелерін жөндеуге және бақылау мен өлшеу аспаптарының далалық деңгейін, сондай-ақ ауа жылытқыштардың текшелерін реконструкциялауға, тағы технологиялық ресурсы таусылған жабдықтарды жаңартуға бағытталады»,—делінген хабарламада.
Айта кетейік, Көкшетау қаласындағы нысандарды жылумен жабдықтау РК-1 (мазут) және РК-2 (көмір) қазандықтары арқылы жүзеге асырылады. Алайда негізгі жылу көзі – пылеугольді РК-2 қазандығы. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 188,7 км, оның ішінде магистральдық желілер – 51 км, ішкі кварталдық желілер – 137,7 км. Желілердің басым бөлігі 1977 жылдан бері пайдаланылып келеді.