Нигерияның Замфара штатындағы алтын өндіретін шахтаға қарулы шабуыл жасалды. Салдарынан кем дегенде 14 шахтер қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, шабуыл Мару ауданындағы Гобирава Чали ауылында болған.
Айта кетейік, Нигерия ұзақ жылдар бойы қарулы топтар мен елдің әртүрлі аймағында әрекет ететін «Боко Харам» және «Батыс Африкадағы Ислам мемлекеті» (ISWAP) сынды лаңкестік топтардың зорлық-зомбылық әрекеттеріне тап болып келеді. Бұл елде ақша үшін адам ұрлау оқиғалары жиі кездеседі. Сәуір айында Плато штатында қылмыстық топтың шабуылынан 51 адам қаза тапқан болатын.