Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы бүгін, 26 сәуірде Ақорданың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Бендер-Аббас қаласының «Шахид Раджаи» теңіз портында болған жарылыстан адамдардың қаза табуына және көптеген азаматтың жарақат алуына байланысты Иран президенті Масуд Пезешкиан мен оның отандастарына көңіл айтты. Қазақстан президенті жарақат алған жандардың сауығып кетуіне, сондай-ақ апат салдарын тезірек еңсеруге тілектестік білдірді»,—делінген хабарламады.
Еске салайық, бұған дейін Ирандағы порттардың бірінде жойқын жарылыс болғанын жазған едік. Оның салдарынан 4 адам қаза тауып, 500-ден астам адам зардап шеккен.