Ресейдің құпия спутнигі істен шыққан болуы мүмкін

998
Adyrna.kz Telegram
Фото: SPACEX/AFP
Фото: SPACEX/AFP

Кремльдің жаңа ядролық компоненттері бар ғарыштық қару түрін жасау бағдарламасымен байланыстырылатын Ресейдің құпия «Космос-2553» спутнигі істен шығуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Reuters агенттігі аналитикалық деректерге сілтеме жасап жазды.

Ресей «Космос-2553» спутнигін 2022 жылғы ақпандағы Украинадағы соғыс басталардан аз уақыт бұрын орбитаға шығарған болатын. АҚШ билігі бұл спутниктің Ресейдің ғарышқа америкалық спутниктерді жоюға қабілетті ядролық қару орналастыру жоспарларымен байланысты екенін мәлімдеген. Кремль бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр.

«Космос-2553» спутнигінің ерекше қимылдары 2024 жылдың қараша айында LeoLabs компаниясының радиолокациялық бақылауы арқылы тіркелген.

Желтоқсан айында жүргізілген қосымша бақылаулар спутниктің «бақылаусыз айналып жүргенін» жоғары сенімділікпен растауға мүмкіндік берді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер