Көпшілік қазақстандық шенеуніктің ресейлік продюсерді қабылдағанын сынады

1376
Adyrna.kz Telegram
Фото: ХҚКО
Фото: ХҚКО

Ресейлік продюсер, шоубизнес өкілі Яна Рудковская 29 сәуір күні Астана қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, мемлекеттік қызметке жүгінген. Оның бұл сапары көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әсіресе, Рудковскаяны "Азаматтарға арналған үкімет" төрағасы Арман Кенжеғалиевтің өзі жеке ертіп жүргені әлеуметтік желіде қызу пікірталас туғызды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ресми хабарлауынша, Рудковская – Қазақстанда дүниеге келген, ата жұртына жиі келіп тұратын азамат. Бұл жолғы сапарының мақсаты – жылжымайтын мүлік сатып алуға байланысты құжат рәсімдеу. Продюсер елдегі цифрландыру деңгейі мен ХҚКО қызметіне жоғары баға беріп, қазақстандық сервистің сапасына риза болғанын жеткізді. Елдегі қызметті "заманауи әрі жылдам" деп бағалаған.

«Мұндай заманауи әрі жылдам қызмет көрсету жүйесін әр елден кездестіре бермейсің. Көрсетілген қызмет пен цифрлық шешімдер маған өте ұнады», – деді Яна Рудковская.

Алайда бұл сәт желіде екіұшты пікір тудырды. Бірі: «Қазақстанға қош келдің!», «Отанынан алыстамағаны қуантады» деп жылы лебізін білдірсе, екінші тарап «Неге қарапайым халыққа мұндай құрмет көрсетілмейді?», «Жеке қызмет пе бұл?» деген мазасыз сұрақтарын жаудырды.

Кейбір қолданушылар ХҚКО-да ұзақ кезек күтіп, кейде мамандардан мардымды жауап ала алмай жататындарын да айтқан.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер