Зеленский Чехия парламентінде украиналық еден жуушылармен суретке түсті

1292
Adyrna.kz Telegram

5 мамыр күні Украина президенті Владимир Зеленский Чехияға ресми сапармен барды. Жоспарланған іс-шаралар барысында ол украиналық еден жуушы әйелдермен бірге суретке түсті. Бұл туралы 24 Канал Чехия Парламенті Мәжілісінің медиа кеңесшісі Даниэл Моравецке сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Аталған әйелдер чех парламентінде еден жуушы болып жұмыс істейді, ал сол күні  Зеленский депутаттармен кездесті.

Кездесулердің бірінің үзілісі кезінде Зеленский көрші бөлмеде тұрған әйелдердің әйнек арқылы бақылап тұрғанын байқап, оларды бірге суретке түсуге шақырды.

Суреттерді Даниэл Моравец пен вице-спикер Катарина Ришава түсірген.

Палата кеңесшісі айтқандай, бұл жайт әйелдерді қатты толқытқандықтан, олар көз жасына ерік берген.

Еске сала кетейік, Зеленскийдің Прагаға сапары аясында Украина мен Чехия украин ұшқыштарын Чехиядағы базаларда оқыту үшін арнайы мектеп ашуға келіскен. Бұл мектепте оларды F-16 және L-39 ұшақтарын басқаруға үйрететін болады. Сонымен қатар бейбітшілік орнатуға қатысты дипломатиялық қадамдар мен Ресейге қысым көрсету тәсілдері талқыланған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер