Сырттай сотталған. Astana LRT басшысы Антальяда ұсталды

994
Adyrna.kz Telegram
Сурет: alrt.kz
Сурет: alrt.kz

Түркияда Astana LRT компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық пориалы.

Айта кетсек, 2019 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Түркияның Әділет министрлігіне халықаралық іздеуде жүрген "Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы, Қазақстан азаматы Талғат Арданды ұстап беру туралы сұрау жіберген болатын.

Осыған байланысты Түркия Республикасының құзырлы органдары тиісті іздестіру шараларын жүргізген.

Биылғы жылы ҰҚК оның нақты болған жерін анықтады, содан кейін Түркияның құқық қорғау органдары Анталья қаласында ұстады.

"2025 жылдың 9 мамырында Анталья қаласының соты Т.Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдады және ол қазіргі уақытта қамауда. Қазақстанның құзыретті органдары аталған адамды Қазақстанға қайтару бойынша құқықтық рәсімдерді бастады, делінген ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.

“Чемодан госсекретаров” Телеграм арнасының мәліметінше, Талғат Арданның Түркияда тұтқындалып, Қазақстанға экстрадициялануы, ол жерде түрмеге қамалуы Astana LRT басшылығының «крышасы» болған кейбір жоғары лауазымды шенеуніктердің тергеуіне қызықты ақпараттардың ашылуына ықпал етпек.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астана қаласының соты Арданды Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі және 361-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, сырттай 9 жылға бас бостандығынан айырған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер