ХАМАС пен Израиль Катарда жаңа келіссөздерге кірісті

889
Adyrna.kz Telegram
Фото: Life.ru
Фото: Life.ru

ХАМАС палестиналық тобы Газадағы соғысты тоқтатуға бағытталған келіссөздердің жаңа кезеңі басталғанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы BBC-ге сілтеме жасап.

Бұған дейін Израиль әскерилері ХАМАС-ты толық жою және қалған тұтқындарды босату мақсатында ірі әскери шабуыл бастағанын мәлімдеген еді.

ХАМАС жетекшісінің кеңесшісі Тахер әл-Нуну BBC-ге берген сұхбатында келіссөздердің Катар астанасы Дохада басталғанын, ешбір тарап алдын ала шарт қоймағанын, барлық мәселелер ашық талқыланып жатқанын айтты.

Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац келіссөздердің қайта басталғанын растады. Оның айтуынша, тараптар Катарда тікелей емес келіссөздерге қайта оралды. Кац бұл шешімді «бұған дейінгі ымырасыз ұстанымнан бас тарту» деп атады.

Израиль армиясы хабарлағандай, «Гидеон арбалары» операциясы аясында әскерге Газаның барлық стратегиялық аймақтарын бақылауға алу тапсырылған. ХАМАС бақылауындағы азаматтық қорғаныс қызметі мен денсаулық сақтау министрлігі бейсенбі күнінен бастап израильдік шабуылдардан Газада шамамен 250 адамның қаза тапқанын хабарлады.

Израиль екі айға созылған бітім бұзылғаннан кейін, наурыз айында Газа секторын толықтай қоршауға алған. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні Газада «көптеген адамның аштыққа ұшырағанын» мәлімдеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер