Шығыс Қазақстан аймағында жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
25 мамыр күні сағат 07:40-та ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық зерттеулер және ақпараттар ғылыми орталығы» Шығыс Қазақстан аумағында жер сілкінісі болғаны туралы ақпарат таратты.
Жер сілкінісінің эпицентрі Ресей аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1162 шақырым жерде орналасқан. ТЖМ мәліметінше, дүмпу қарқыны келесі деңгейде сезілген:
Өскемен – 2 балл;
Қатонқарағай – 2 балл.
"Қирандылар мен зардап шеккендер жоқ", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 23 мамырда жер сілкінісі Талдықорғанда да тіркелген еді.