Макинск қаласында су құбырларын жаңғырту жобасы қарқынды жүріп жатыр

859
Adyrna.kz Telegram

Макинск қаласында ауқымды су құбыры желілерін жаңғырту жобасының бірінші кезеңі белсенді түрде жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда инженерлік желілердің 76,7 шақырымын қамтитын жұмыс көлемінің 65 пайызы орындалған. Соның нәтижесінде 45 шақырым жаңа құбыр тартылды.

Жоба аясында тозығы жеткен су құбырлары толығымен жаңартылып, заманауи әрі сенімді жүйелермен ауыстырылады. Жоспар бойынша жалпы ұзындығы 72,7 шақырым жаңа су желісі салынады. Жобаның жалпы құны — 3 382,9 миллион теңге. 2024 жылдың ішінде 2 017,5 миллион теңге қаржы игерілген. Жыл соңына дейін тағы 692,5 миллион теңге қосымша қаражат бөлінуі жоспарланған.

Құрылыс жұмыстарын «УниверсалСтройСервис» ЖШС жүргізуде. Келісімшарт бойынша жұмыс құны 3 279,9 миллион теңгені құрайды.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарлауынша, барлық жұмыстар белгіленген кесте бойынша жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарын биылғы қараша айында толық аяқтау көзделіп отыр. Жоба іске қосылған соң Макинск қаласындағы 18 мыңнан астам тұрғын тұрақты және орталықтандырылған ауыз сумен қамтылады.

Аталған жоба халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етумен қатар, қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға елеулі үлес қосады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер