«Әуе кеңістігімізді бұзды». Финляндия Ресей елшісін шақыртты

1366
Adyrna.kz Telegram

23 мамырда Финляндия Сыртқы істер министрлігі ресейлік ұшақтардың фин әуе кеңістігін бұзуына байланысты Ресей елшісін түсініктеме беру үшін шақыртты. Бұл туралы Yle телеарнасы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, жұма күні екі ресейлік әскери ұшақ Финляндияның әуе кеңістігін бұзған. Бұл оқиға Фин шығанағы жағалауындағы Порвоо қаласының маңында болған.

Фин тарапы Мәскеуден ресми түсініктеме беруді талап етіп отыр. Елдің қорғаныс министрі Антти Хяккянен бұл оқиғаға бей-жай қарамайтындарын атап өтті.

Еске салайық, бірнеше күн бұрын Антти Хяккянен Ресейдің Балтық өңіріндегі, әсіресе Фин шығанағындағы әскери белсенділігінің күшеюіне алаңдаушылық білдірген еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер