Қытайда 13 миллионнан астам талапкер ұлттық тест тапсырады

1038
Adyrna.kz Telegram
Сурет: naked-science.ru
Сурет: naked-science.ru

2025 жылы Қытайда 13,35 миллион талапкер "гаокао" деп аталатын ұлттық жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарын тапсырады. Бұл туралы сәрсенбі күні ҚХР Білім министрлігі мәлімдеген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Аталған көрсеткіш былтырғы рекордтық 13,42 миллионмен салыстырғанда сәл төмендеген.

Білім министрлігі өңірлерге емтиханды тиісті деңгейде өткізуге және талапкерлерге барлық қажетті қызмет түрлерін ұсынуға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Емтиханмен байланысты заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында ел көлемінде арнайы операциялар жүргізілуде. Бұл шаралар емтихан ортасын онлайн және офлайн түрде тазартуға, сондай-ақ әртүрлі алаяқтық формаларымен күресуге бағытталған.

Емтихан тапсыру орындарына тек қауіпсіздік талаптарына қатаң тексерістен өткеннен кейін ғана кіруге болады. Мұндай тексерістер, әсіресе, тыйым салынған заттарды – ұялы телефондар, ақылды сағаттар мен көзілдіріктерді – анықтауға бағытталған.

Білім министрлігі әсіресе осал топтарға ерекше көңіл бөлуді талап етті. Мысалы, 12 өңірде көру қабілеті бұзылған 16 талапкерге арналған Брайль жүйесімен басылған емтихан парақтары дайындалған. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі 14 мыңнан астам талапкердің емтиханға қатысуына жағдай жасалған.

Бұдан бөлек, барлық талапкерлерге арнайы психологиялық кеңес алу мүмкіндігі берілген.

Жоғары бәсекелестікпен өтетін "гаокао" емтиханы Қытай жастары үшін өмірлік маңызды саналатын кезең. Бұл емтиханнан жақсы нәтиже алу – тек жоғары оқу орнына түсуге ғана емес, болашақ мансапқа да тікелей әсер етеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер