Еуразия елдерінің Қытайға қанша қарыз екенін неге білмейміз?

3546
Adyrna.kz Telegram

Дамушы елдер, оның ішінде Орталық Азия мемлекеттері, ҚХР-на біз ойлағаннан да көп қарыздар.

Қырғызстан мен Тәжікстан сияқты дамушы елдердің үкіметтері Қытайға өте үлкен мөлшерде, жұрт айтып жүргеннен де көп қарыздар. Қытайдағы барлық несиелердің жартысына жуығы жасырын бухгалтерлік жүйенің арқасында халықтан жасырылған. 2016 жылға дейінгі 10 жыл ішінде бүкіл әлем бойынша көлеңкелі қаржыландыру көлемі шамамен 200 млрд долларды құрады.

Осы және басқа да деректер жақында Массачусетс штатындағы Кембриджде орналасқан Экономикалық зерттеулер ұлттық бюросы жариялаған Қытайдың шет елдерге несие беру туралы есебінде келтірілген. Есеп авторлары - Мюнхен университетінің қызметкері Себастьян Хорн, Гарвардтағы Кеннеди мектебінен  Кармен М. Рейнхарт және Киль Әлемдік экономика институтының қызметкері Кристоф Требс.
«Қытайдан капиталды әкетуге қатысты құжаттар ең жақсы жағдайда жасырылған. ҚХР үкіметтік қарыздар туралы есеп бермейді. Қытай Үкіметінің берген несие көлемі мен сыртқы қарыздар туралы толық  деректер жоқ. Қытайдың шетелдік несиелері туралы мәліметтер қолға түспейді», - деп жазады авторлар. .

Бұл қалай жүзеге асырылады?

Қытай несиелерінің барлығы дерлік мемлекет бақылауындағы банктермен беріледі. Мысалы, Қытайдың экспорттық-импорттық банкі Қырғызстандағы жобаны қаржыландырған кезде, мысалға жолды алайық, бұл жолды салу тапсырылған мердігеріге  тікелей Қытай қаражат береді. Шетелде ақша аударымдары болмағандықтан, орталық банктерді біріктіретін Халықаралық есеп айырысу банкі (ХЕАБ) ештеңе тіркемейді. Қытай ХЕАБ-ке өзінің халықаралық аударымдары туралы 2015 жылы ғана айта бастады, бірақ содан кейін екіжақты транштар туралы мәлімет беруден бас тартты. Жеке қаржы институттары сонымен бірге Қытайдың дамушы елдердегі шығындарының басым бөлігін құрайтын мемлекеттік субсидиялар мен несиелерді бақыламайды.
«Нәтижесінде, борышкер елдердің өздері Қытайдан қанша қарыз алғанын және қандай шарттармен алғандығы туралы мәлімет бермейтін болды».

Осы олқылықтардың орнын толтыруға тырысып, Горн және оның әріптестері ғалымдар мен ғылыми орталықтардың мәліметтер базасын қарап, 1974 қытай несиелері мен 152 дамушы елдерге берілген 2947 қытай грантының тізімін жасады. Осы төлемдер бойынша деректерді Қытайдың ХВҚ мен Дүниежүзілік банкке берген және 2015 жылдан бастап ХЕАБ-ке берген мәліметтерімен салыстыра отырып, олар "Қытайдың  шетелге берген  қарыздарының 50% -ы Дүниежүзілік банкпен тіркелмеген, сондықтан қарыз туралы ресми статистика назарға алынбайтындығын анықтады".

Ашықтықтың болмауы барлық жерде қауіп-қатер туғызады.

Қанша қарызы бар екенін білмейтін алушыға өзінің қарызына қызмет көрсетуді жоспарлау қиынға соғады. Болжамсыздық Қытайдың көбінесе коммерциялық ставкалармен (2000-2017 жж. несиелердің жартысынан көбі) және доллармен (осы несиелердің 85%) несие беруімен байланысты. Әлсіреген валюталар, мысалы, Орталық Азиядағы ең кедей мемлекеттер үшін долларлық несиені өтеу қиынға соғады. Осы кезеңде тәжік сомониі өз құнының 76%, қырғыз сомасы 32% жоғалтты.

Осы елдердің мемлекеттік облигацияларын қарастыратын басқа инвесторлар үшін мұндай белгісіздік алаңдаушылық тудыруы керек. «Бұл жасырын сыртқы қарыздар елдік тәуекелдерді талдауды және облигациялар бойынша пайыздық есептеулерді айтарлықтай қиындатады», - деп авторлар атап өтті. Облигацияларды сатып алушылар несие берушілердің иерархиясы қандай деңгейде болады деп сұрауы мүмкін: «Жеке инвесторлар Қытай үкіметінен әлдеқайда төмен екенін түсінбеуі мүмкін».
Қытай несиелері көбінесе тауарлармен қамтамасыз етіледі. Бұған Түрікменстандағы газдың жабық  келісімшарттары немесе Тәжікстанның күміс және алтын кен орындарын Қытайға тапсыруы дәлел.

Хорн және оның әріптестері "Қытай бұл үлкен несиені қаржылық пайда үшін бермейді. Қытай шикізатқа қол жеткізуге және геосаяси ықпалға мүдделі" дейді. Кейбір сарапшылар Бейжіңнің "Белдеулер мен Жолдардағы" көп шығындарын екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Маршалл жоспарымен салыстырады, бұл оның (Қытайдың)  ықпалын күшейтуге негізделген ұзақ мерзімді ойын. Бірақ одан да қауіпті алаңдатарлық жағдайлар бар: Батыс елдерімен және институттарымен 1970-ші жылдары бірқатар жаһандық қиындықтар кезінде берілген қарыздар дағдарыстар мен қаржылық тәуелділікті тудырды. "Дамушы елдердегі берешектің бүгінгі деңгейі 1981 жылы байқалған қауіпті деңгейге жақындап келе жатқандығының айқын белгілері бар. Әсіресе Қытайға жасырын «қарыздарды қоссаңыз» дейді зерттеушілер.

Құжат бойынша Қытайға ең көп қарызы бар елдердің тізімін жариялады. Әлемде Қырғызстан бесінші орында, Тәжікстан - 20, Түрікменстан - 23, Өзбекстан - 40 орында екен.

Құжатта келтірілген мәліметтерге сәйкес, Қырғызстанның Қытай алдындағы қарызы ІЖӨ-нің 30% асады.  Авторлардың пікірінше, құжатта қарыз төмендетіліп жазылған. Шын мәнісінде одан да көп.

Бұл "несие көшкіні" Қытай экономикасы тоқтағанда бірге тоқтайды немесе баяулайды. Авторлар Қытайдағы өндіріс көлемі мен капиталдың кетуінің арасындағы жоғары деңгейдегі корреляцияны анықтады: «Қытайдағы ЖІӨ-нің нақты өсу қарқынының бір пайыздық тармаққа өсуі Қытайдың ІЖӨ-нің 1,7% -ға капитал ағымының артуымен байланысты». Бұл тұжырым оны Қытайдың ЖІӨ-нің ресми деректеріндегі статистикалық қателіктерге байланысты авторлар шығуға мәжбүр болған балама қытай экономикалық көрсеткіштерімен салыстыру арқылы расталады.

Авторлар Қытайдағы өндіріс көлемі мен капиталдың кетуінің жоғары арақатынасын анықтады: «Қытайдs4 ЖІӨ-нің нақты өсу қарқынының бір пайызға өсуі Қытай капиталының ІЖӨ-нің 1,7% -ға өсуімен байланысты». Бұл тұжырым Қытайдың ЖІӨ-нің ресми деректеріндегі статистикалық қателіктерге байланысты авторлар өз бетінше зерттеуге шығуға мәжбүр болған қытай экономикасының көрсеткіштерімен балама салыстыру арқылы расталады.

Дэвид Триллинг ,

Eurasianet.org сайтының басқарушы редакторы.

Пікірлер