Теңізшілерді қаншалықты дайындаудамыз?

2902
Adyrna.kz Telegram

САПА МЕНЕДЖМЕНТТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮЙЕГЕ СӘЙКЕС ТЕҢІЗШІЛЕРГЕ ДИПЛОМ БЕРУ ЖӘНЕ ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТЫҚ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Теңізшілерді дайындау және дипломдау, вахтаны атқару бойынша халықаралық конвенцияның талаптарына сәйкес DQS Holding GmbH сертификаттау жөніндегі халықаралық компаниясы Көлік комитетінде ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігіне сапа менеджменті жүйесінің (бұдан әрі – СМЖ) қадағалау аудитін өткізді.
Осы СМЖ теңізшілердің кәсіби дипломдарын және олардың растауларын, жеңілдік рұқсатын, сондай-ақ теңіз білім беру ұйымдары мен теңіз тренажер орталықтарын куәландыру, олардың оқу бағдарламаларын келісу беру кезінде ұстану үшін міндетті сапа стандарттарын белгілейді.
СМЖ-нің болуы халықаралық стандартарға сәйкес қызметтерді қолдау бойынша тиімді мониторингті және шараларды уақтылы қабылдауды қамтамасыз етеді.
Ағымдағы жылдың 18 қарашасында қадағалау аудитінің қорытындысы бойынша СМЖ халықаралық талаптарға сәйкестігі сәтті расталды және ISO 9001:2015 сертификаты және Сертификаттау органдарының халықаралық қауымдастығының IQ Net сертификаты ұзартылды.

ҚР ИИДМ Көлік комитетінің баспасөз қызметі

Пікірлер