Азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр

3803
Adyrna.kz Telegram

"Аналитик" сараптау және талдау орталығының мамандарының пайымдауынша,  доллар қымбаттап, теңгенің құны төмендегелі елімізде қымбатшылық өршіп тұр. Бір ғана Алматыда қазан айынан бастап азық-түліктің бағасына апта сайын 20-30 теңге қосылып кеткен.

«Осыдан бір апта бұрын 220 теңгеге сүт алсаңыз, қазір тура сол сүттің бағасы 250 теңге болып отыр. Қалада азық-түлік өнімдері, қазан айынан бастап  аптасына 20-30  теңгеге қымбаттайды. Мұндай үрдіс басқа тұтыну өнімдеріне де қатысты да қалыптасқан. Қалада 2 млн халық бар. Олардың тұтыну шығыны 2018 жылмен салыстырғанда (7,9 %) 2019 жылдың соңғы алты айында 9,1%-ке өскен. Биыл қала халқының жарты жылдық тұтыну шығыны 123 мың 338 теңгені құрайтын орташа републикалық деңгейден 1,5 есе көп»,- дейді «Аналитик» сараптау орталығының маманы Тоғжан Шаяхметова. Бұған қоса маман алдағы уақытта да қымбатшылықтың орын алмауына ешкім кепілдік бере алмайтынын алға тартты.

«Қала өзін –өзі толықтай азық-түлікпен қамтуға әлі жеткен жоқ. Мегаполюстегі өнім өндіретін кәсіпорындар бар, қаланың маңындағы аудандардан келетін азық-түлік өнімдері бар осы екі тарап қосылып қаланы 60 пайыз отандық өніммен қамти алады. Ал қалған 40 пайыз өнім сырттан әкелінді. Қазір импорт өнімді елге әкелгенде төленетін кедендік баж салығы, кедендік әкетілім салығы, кеден аумағында тауарды әкелу кезінде қосылатын құн салығы, кеден аумағына тауарды әкелу кезінде тауарды акциздеу барлығына төлемақы алынданы. Осының барлығының шығынын импорт тасымалдаушылар өнімнің бағасынан шығарып алғысы келеді. Осыдан барып, Қытайдан 80 тенгеге алынған ананас Қазақстанға келгенде 800 теңге болып шыға келеді. Доллар өскен сайын қымбатшылық бола беретінінің бір себебі осы. Сондықтан келешекте импорттар тасқыны инфляцияны өсіре түседі»,-деді сарапшы Тоғжан Шаяхметова.

Қарлығаш ЗАРЫҚХАНҚЫЗЫ, 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер