Елдос Жұмаханов жүлдесі өтті

4631
Adyrna.kz Telegram

Кеше Алматы қаласында,  Жетісу ауданы әкімдігінің қолдауымен, дзюдодан халықаралық  дәрежедегі спорт шебері Жұмаханов Елдостың жүлдесіне арналған республикалық турнир өтті. Жарысқа  2007-2008 жылы туған жасөспірімдер қатысты.

Турнирге, Нұр-Сұлтан қаласынан, Маңғыстау облысынан, Шығыс Қазақстан облысынан, Қарағанды облысынан, Қостанай каласынан, Тараз каласынан, Алматы облысынан және Алматы қаласынан жалпы саны 27 команда қатысып, 250 спортшы бақ сынады. Байрақты бәсекеге Елдостың туған жері ШҚО, Тарбағатай ауданы, Жана-ауылдың балғын дзюдошылары  арнайы келіп қатысты.

Алматы қаласы, Жетісу ауданының әкімі, белбеу куресінен «Халық Барысы», қазақ күресінен «Алматы Барысы» Қиқымов Мақсат Сәкенұлы,
Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Жұмақанов Елдостың жеке бапкері Қалиев Сейдолла, дзюдодан әлем чемпионы Максим Раков, дзюдан Еуропа Кубогының  жеңімпазы Оразалин Нұрлан, дзюдодан «Темир Дос» спорт кешенінің аға жаттықтырушысы Аязбеков Дүйсен, Жаңа-ауылдан дзюдо жаттықтырушысы Біржан Көпжасаров жарыстың құрметті қонақтары болды.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте:
1-ші орынға Алматы облысы, Қарасу спорт клубы командасы ие болды.
2-ші орынға  Қараганды облысының командасы табан тіреді.
Жүлделі 3-ші орынмен Алматы қаласының, «Лашын» спорт клубы марапатталды.

Туған жері Жаңа-ауыл спорт залына Елдос Жұмаканов өз атынан 10 кимано сыйға тартты.

Жарыс жеңімпаздарына, медаль, кубоктар,  ақшалай сыйлықтар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Осы жарыстың өтуіне ұйытқы болған Жетісу ауданының әкімі Қиқымов Мақсатқа,  жарысқа демеуші болган кәсіпкер азаматтар: Алмас Мұқажан мен Марат Оспанға  Елдостың ата-анасы отбасының атынан алғыс білдірді.

 

 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер