Қағанақ бас, қыл кеңірдек, ши борбай

5057
Adyrna.kz Telegram

Баяғы өткен заманда Қағанақ бас, Қыл кеңірдек, Ши борбай үшеуі жолдас екен. Бір күні бұлар бір тоқты ұрлап, айдалаға апарып сатыпты. Тоқтыны бұтарлап, етін қазанға салайын деп жатып, Қағанақ басқа:

- Жынын төгіп кел, – деп, қарынды беріпті.

Қағанақ бас қарынды тысқа алып шыққанда, қара шыбын қарынға да, Қағанақ бастың басына да қаптай үймелепті. Басындағы шыбынды қорып, қағамын деп, Қағанақ бас қолын қағыс сілтеп, өзінің басын ұрып алыпты. Пияладай жұқа төбесі ойылып, шарана шекесі шарт кетіпті. Жұмыртқадай жұқа бас жарылып, жан беріпті.

«Қағанақ бас қалайша кешікті?» – деп, Ши борбай далаға шыға келсе, өліп жатқан Қағанақ басты көре салып:

- Әй? әттеген-ай! – деп, екі қолыменен екі санын салып қалғанда, шидей борбайы шорт етіп, ол да мүрдем кетіпті.

Ши борбайдың дауысын естіп, Қыл кеңірдек сыртқа жүгіріп шығады да, өліп жатқан екі жолдасын көріп:

- Ойбай, бауырларым-ай! – деп дауыстай бергенде, өзінің қыл кеңірдегі қылғынып, тыныс ала алмай үзіліп кетіпті.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер