Қытай ғалымдары коронавирустың суретін жариялады

538

Қытайдың ұлттық патогендік микроағзалар сақтау қоры жаңа коронавирустың электронды микроскоппен түсірген алғашқы суретін жариялады. Бұл туралы "Адырна" Massaget.kz сайтына сілтеме жасап, хабарлайды. Бұл аурудың таралуын болдырмау және бақылау жөніндегі шаралар аясында түсірілген.

Қазіргі таңда сурет БАҚ пен әлеуметтік желіде жылдам тарауда. Ал соңғы деректер бойынша бұл дерттен 26 адам көз жұмған. 876 адам жұқтырғандар қатарында.

Жаңа вирус өткен жылдың желтоқсан айында анықталған. Алғаш Ухань қаласында шыққан. Қазіргі уақытта Хубэй провинциясына қарасты 10 қалада қауіпсіздік күшейтілген. Базарлар жабылып, жолаушылар тасымалы тоқтатылған.

Бастапқыда дерт теңіз тағамдарынан тарады деп айтылған. Оның ішінде қытайлықтар көбірек жейтін жыланнан шықты деп те күтілген. Кейіннен вирус адамнан адамға жұғатыны белгілі болды. Коронавирустың жаңа түрімен ауырғандар жалғыз аспан асты елінде ғана емес, Вьетнам, Сауд Арабиясы, Жапония, Макао, Тайланд және АҚШ-та да анықталды.

Пікірлер