Серікжан Біләш Помпеоның назарын Қытай мәселесіне аударды

5610
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандағы қазіргі діни жағдай қалай? Қандай ағымдар күш алып тұр, қандай топтардан, адамдардан қауіптенуге болады? Осы және өзге де мәселелер төңірегінде белгілі дінтанушы Тұрарбек Құсайынов былай деп ой толғайды:

Қазақстандағы діни ахуалға келетін болсақ Қазақ қоғамында Саудиялық сәләфизммен бастары бір қазанға симай Абай,Шәкәрім т.б сияқты тұлғалардың атын жамылып отырған шиғалық-сопылық топтардың ең қауіпті екенін баса айтқым келеді.
Мысалы Кемал Ататүріктің прогрессивті реформаларына өте көп қарсылық көрсеткен Осман халифатының мыңдаған сопылық ағымдары еді.
Керек десеңіз 18 -ғасырдағы Осман халифатынан бөлініп шыққан Сауд патшалығының негізін құраған Мұхаммед Абдул Уаххабтың рухани ұстазы ибн Теймийа мен ибн Қаийм да сопылықты насихаттап "ас суфийа уаль фухара" және "Мадариджу Ссаликин"
т.б деген фундаментальді діни кітаптар жазған.Ал тәңіршілдер туралы айтар болсақ Қазақстан мен Орта Азияда көшпенді ата-бабамыздың Исламға дейінгі табиғатқа табынған (от,су,күн,ай,жер т.б) пантеистік дүниетанымды агрессивті түрде насихаттап жатқан қытайшыл топтар екені де жасырын емес. Синкретті парсы мәдениетінің өкілі диуана-миссионер (пайғамбар әулетінен мыс ) қожа Ахмет Яссауи кейбір шығыстанушылардың пікірінше шиғалық -сопылық ағымның мүшесі екені де айтылады. Қазақстандағы мүфтият уағызшылары мен дінтанушылардың айтып жүргеніндей сәләфизмнің байсалды/радикал түрі болмайтыны сияқты,сопылық-шиғалық ағымдардың да жұмсақ яки агрессивті формасы болмайды.Оған дәлел әлемдегі терорристік ұйымдар мен экстремистік топтардың барлығы дерлік сопылық тариқаттар .Мысалы атап айтсақ атақты Хасан аль Банна құрған " мұсылман бауырлары",Айман аз Зауахири басшылық еткен " Аль Қаийда уаль джихад"," Талибан"," Ислам джихады" ," Хамас"," Хизбут-тахрир"," Таблиғ жамағаты " тағы да басқа экстремистік топтардың 90 пайызы сопылық жолды ұстанатындар. Ал Қазақ еліне келсек атышулы сопы-зікіршілер ұйымының басшысы Исматулла басқарған топ белгілі құқыққорғаушы, ұлтшыл азамат Серікжан Біләшті қаралауда алдына жан салар емес.

Серікжан Біләшқа тағылған айып бойынша мен Зауреш Батталова төрағалық ететін "парламентаризмді дамыту қорының" атынан тәуелсіз сарапшы ретінде Құрандағы "жиһад" терминіне ұсынысымды жазба түрде ұсынғам.

Таратып айтар болсам, Құрандағы "жиһад "сөзін бұрмалап қарулы соғыс яки экстремистік бағытта пайдаланатын әлемдік дін атын жамылған террорлық ұйымдар мен исламофобтар . Ал сол терроршылардың тәпсір-түсінігін ресми прокуратура мен сот дәлелге алып Серікжанды соттауы мені қатты таңғалдырды.Қалай десекте еліміздегі сәләфизм идеологиясы мен сопылық діни-саяси ағымдардың Қазақстан республикасының зайырлы ұстанымдарына сәйкес келмейтінін талай рет баспасөз беттерінде айтып жүрмін.

Ал енді шүкірші-тәубешіл сопылардың  құқыққорғаушы Серікжанға қарсы бұл агрессивті жала мен қаралаудағы мақсаты қандай?

Сопылардың Серікжанға шүйлігуінің басты себебі ұлттық және өркениеттік қарама қайшылықта екенін қалың жұртшылық біле бермейді.Серікжан Біләш "Алаш" қайраткерлерінің зайырлы формадағы жәдидшілдік дүниетанымын ұстанады.Кезінде зайырлы демократиялық принциптерді ту қылған жәдидшіл Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М.Шоқай т.б сияқты "Алаш" арыстарына қарсы шығып ,Қазақ еліне байланысты маңызды реформаларға саботаж жасаған дәстүршіл-қадимшіл сопылар еді. Өмір ағысы мен тарих бумеранг қой,сол кездегі "Алаш" арыстарын қаралаған және қасақана соттатқан домалақ арыздардың заманауи көрінісі қазіргі Қытай коммунистік билігінің қандастарымыз бен түркі бауырларымызға жасаған қиянаты мен репрессивті саясатын әшкерелеген құқыққорғаушы Серікжан Біләштің басына төніп отыр.

Мысалы адвокат Шынқуат Байжанов АҚШ мемхатшысы М.Помпеоны қытай езгісіндегі қандастарымызмен кездесуіне басты себеп Серікжан Біләш дейді, сіз бұл жөнінде не айтасыз?

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның қытай коммунистік билігінің қолдан жасалған геноцид саясатына душар болған қандастарымызбен кездесуі -тіркелмеген "нағыз Ата Жұрт" ұйымының басшылығы мен халықаралық құқыққорғаушы Серікжан Біләштың ерен еңбегінің нәтижесі деп білуіміз керек. Сондықтан да Жаратушы Тәңіріміз Ибрахим мен Иса пайғамбардың шынайы үмметі болып саналатын және тирания мен диктатураға жаны қас Помпео сияқты әлемдік масштабтағы саяси тұлғаларды қолдап күш-қуат бере көрсін!

Біздің ендігі бет алысымыз, бағытымыз қалай болуы керек деп ойлайсыз?

Ешқандай велосипед ойлап табудың қажеті жоқ.Еуропа мен АҚШ сияқты прогрессивті дамыған демократиялық мемлекеттер бізге үлгі болу керек.Зайырлылық пен білім-ғылымды ту еткен "Алаш" зиялыларының аңсаған армандарын толықтай жүзеге асыру біз сияқты жастардың міндеті деп білемін.

 

Сұхбаттасқан Тоқтар Жақаш,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер