Топты тоқтату мүмкін емес

5123
Adyrna.kz Telegram

Барлығымыз білетіндей, бүгін түнде дүнген халқы мекендейтін Ма Сан Чи ауылында бүлік шығып, өрт орын алған болатын. Кейбір куәгерлердің айтуынша, жанжал дүнгендер мен полиция қызметкерлері арасындағы төбелестен басталған, алайда бұның тек жанжалдың жалғасы екендігі анықталды.
Полиция қызметкерлері автокөлік жолында дүнгендердің 80 жасар қазақ ақсақалы мен оның екі ересек ұлдарын ұрып-соққандары үшін тоқтатып, ұстауға тырысқан деген ақпарат бар! Ақсақалдың санын балтамен сындырған, бұл жаста бұл үлкен жарақат екені сөзсіз. Ал оның ұлдарын арматурамен ұрып тастаған, қазір олар ауруханада жатыр. Осының барлығы ұлтаралық жанжалға əкеп соқты.
Жас дүнгендер қазақ ақсақалына қалай ғана қол көтерді? Біз мақтайтын ұлтаралық келісім саясаты қайда? Мемлекеттік тілде өздері сөйлемейтін парламентте отырған Ассамблеяның депутаттары қайда?
Бірі домбыраны сындырып, кешірім сүрап құтыла салды; екіншісі сепаратизмді қолдап, ол да кешірім сұрап құтыла салды. Егер билік əрекетсіз отыра берсе, əлбетте, сотсыз жазалау орын алады. Ал топты тоқтату мүмкін емес.
Қазір ақсақалға бірінші болып қол көтеріп, күндіз полиция қызметкерлерімен жаға жыртысқандарды тауып, жазалау керек. Кінəнің барлығы да солардың мойнында. Ал ассамблея – пайдасыз, қазір тіпті жүйкені қоздыратын орган – таратылуы тиіс. Қазақстан – барлық азаматтарына бірдей міндет жүктейтін біртұтас мемлекет.

 

Мұхтар ТАЙЖАН

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер