Шумерлер түркілердің атасы ма?

7580
Adyrna.kz Telegram

XIX ғасырдың соңғы ширегінде Тигр және Евфрат (Қос өзен) өзендерінің бойында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде ежелгі ескі қалалардың орны ашылып, әлемге «Шумер өркениеті» деген жаңа мәдениет белгілі болды. Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған мол мәдени мұраларына қомақты үлес қосқан, дүниежүзілік өркениеттің тағы бір бастауына айналған бұл жаңа мәдениеттің аты аңызға айналды, адамзат қауымының «фәлсафалық мәйегі», ілгерілеу мен дамудың қайнар бүлағы деп дәріптелді.

Жер бетінде алғаш өркениетті қауым, іргелі мемлекет құрған шумерлердің мәдениеті дүниежүзілік мәдени ошақтардың бірі Египет мәдениетіндей өте жоғары болды. Бірақ Ніл аңғарында үш мың жыл бойы бір-ақ халық қоныстанып, бір-ақ қана мемлекет Ежелгі Египет қоныстанса, ал Қос өзен бойында Шумер, Аккад, Вавилон, Ассирия, Иран сияқты түрлі мемлекеттік құрылымдар тарих сахнасында бірінен кейін бірі алмасып тұрды, түрлі халықтар өзара сауда-саттық жасаумен қатар, өзара әскери қақтығыстарға да жиі барып түрды, соның салдарынан қалалар мен әсем ғимараттар күл-талқан болып қирады да. Бірақ мұндай қақтығысқа қарамастан бұл мемлекеттердің мәдени гүлдену процесі тоқтап қалған жоқ. Оған дәлел, Қос өзеннің ең көне мәдениеті Шумер-аккад мәдениеті. В.В. Струве, В.И. Авуев, В.А. Тураев, Б.И. Грозный сияқты аса көрнекті шығыстанушы ғалымдардың пікірінше, шумерлер бүкіл Вавилон мәдениетінің негізін қалаушылар болып саналады. Ал шумерліктердің өздері, олардың ата-бабаларын Қос өзен өңіріне сонау таудың ар жағынан, солтүстіктен, яғни солтүстік-шығыстан келген. Ғалымдардың айтуынша, бүл келгендер «тау тұрғындары», «малшы көшпелілер» болып есептелсе керек. Шумердің 3100— 2800 жылдардағы халқы туралы белгілі ғалым JI. Вулли: «Дәл осы кезеңде бүлардың халқының басым көпшілігі келімсектерден құрылғаны анық. Әр түрлі себептермен келген олар бүл елдегі халықтардың игере алмай отырған биік мәдениетін өркендетуге белгілі дәрежеде эсер еткен болса керек», — деп жазады. Шумер мемлекетінің мәдени жетістіктері орасан зор болды. Адамзат тарихындағы алғашқы «алтын ғасыр туралы» поэмасы шумер елінің топырағында жарық көрді, шумерліктер алғашқы элегияларды жазды, дүние жүзінде бірінші рет кітапханалық каталогтар жасауды игерді. Осы орайда ғалымдар «Месопотамия — архивтер отаны» деп тегіннен-тегін атамағанын атап өткіміз келеді, өйткені мүнда мемлекеттік архивтермен қатар жеке адамдардың да архивтері болған. Сонымен қатар шумерлер — ең көне медициналық еңбектердің, дәрі-дәрмек рецептері жинақтарының авторлары, диқаншының түңғыш күнтізбегін жа¬саған да осы шумерліктер. Өз заманында іргелі мемлекет құрған шумерлер айналасы тас дуалды әдемі қалалар салудың тамаша үлгісін көрсете білді. Қалада патша сарайы, дін ордалары, қалалық әкімшілік, шеберхана, мектеп, базар, түрғын үйлер тәртіппен түзіліп, шаһардың сәулетіне сәулет қосты. Дүние жүзіндегі алғашқы жазуды ойлап табу да осы дарынды халықтың үлесіне тиген. Шумерлер сына жазуын ойлап табумен қатар, оның жетілген оқулықтарын, грамматикасын жaсады. Шумер елінде мектептер мәдениет пен білім ошағына айналды. Бір таңқаларлық жағдай дінтану оқу бағдарламаларына енгізілмеген. Оқушылар негізгі пәндер — шумер тілі мен әдебиетімен қатар, математика, астрономия, грамматика сияқты ғылым салаларын оқумен шұғылданған. Мектептерде шәкірттердің білімін сараптайтын сынақ жүйесі болды, медицина, сот істері бір ізге қойылды, сәлемхат жазба түріндегі елшілік қарым-қатынас, келісім шарттарға ерекше мән берілді, қазыналық кіріс-шығыс есебі мұқият жүргізілді. Әдебиет пен өнер өркен жайды. Адамзат қауымының тұңғыш әдебиет үлгісі, сына жазу арқылы бізге келіп жеткен даңқты «Гиль-гамеш туралы аңыз» қасиетті шумер елінде дүниеге келді. Бұл тамаша дастанда адам өмірінің мәні мен маңызы туралы мәселе көтеріліп, өлім мен өмірдің арақатынасы жайында фөлсафалық толғаулар айтылады. Шумер мәдениетін зерттеген шетел ғалымдарының айтуынша, шумер мемлекетінің бірнеше қалалары болған. Солардың ішінде Ур-Уч қаласы (қазіргі Ирак Республикасының Варка қаласы) негізгі бас шаһар болып саналады. Сондай-ақ шумерлердің Ларса, Лагаш, Умма, Аратта, Шу-руппақ сияқты бір-біріне жапсарлас орналасқан қалалары да болған. Қос өзеннің байырғы түрғындары — шумерлердің діни наным- сенімдері де, мифологиясы да жан-жақты дамыған. Өз қүдайларын «діңгір-тәңір» деп атаған шумерлер өлемнің жаралуының басын «Ан-Ки» деп білген. «Аны» — аспан, «Киі» — жер, демек олар көк иесіне «Ан» деген, ал жер иесіне «Ки» деген атақ берген. Шумерлер адамзат тағдырын шешетін 50-ден астам қүдай бар деп есептеген. Олардың біразының аты белгілі: Ан, Ан-Ки, Ан-Лил, Ереш-қигал, Инанна, Нурур-Саг, Мама, Мами, Уту, Марту, Ие, Мардук, Шамаш және т.б. Осы орайда Шумер мәдениетіне байланысты ғалымдардың бүлтартпас деректерімен дәлелденген ақиқат бар. Ол әлемге ізгілік жолын сілтеген киелі кітап «Тәуратқа» байланысты ақиқат. Өйткені, теологтар Төурат пен Ӏнжілді қүдай сөзі, не болмаса қүдай сөзін қаз-қалпында жеткізген пайғамбарлар уағызы деп түсіндірсе, ғалымдар оны көне дәуір адамының үшқыр ойының жемісі деп бағалады. Шындығында солай шығар, бірақ Қос өзен бойынан табылған жазба деректерге қарағанда иуда және христиан дініне бастау болған Тәураттың-шумерлердің мифологиясы аңыздары мен дастандарының көшірмесі екендігі айқындалып отыр. Бұл жағдай шумерлер өркениетінің мәртебесін өсіріп, шоқтығын биіктете берері сөзсіз.

Қазіргі заман мәдениетінде шумер-вавилондық математика мен астрономия өз ізін қалдырды. Оған дәлел ретінде күні бүгінге дейін шеңберді 360 градусқа, сағатты 60 минутқа, ал минутты секундқа бөлген шумерлік есептеу жүйесін қолданатынымыз- ды айтсақ та жеткілікті сияқты. Шумер мәдениетінің тағдырына келсек, шумер елі шапқыншылыққа ұшырап, б.з.д.б. 3-мыңжылдықтың аяғында семит тайпалары аккадтықтар жаулап алғаннан кейін Вавилон, Ассирия мемлекеттері орныққаннан кейін де бүл өркениет адамзат медениетінің теңдесі жоқ үлгісі болып қала береді. Ол өзінің ішкі рухани қуаты мен ізгілік мүраттары арқылы қайтадан жаңғырып, бүгінгі заман бейнесінен қайта көрініс тапты. Осы орайда шумерлердің байырғы отаны Евразия қүрлығы, оның ішінде Қазақстан топырағында болғандығы жөніндегі тарихи деректерді ескере отырып, шумерлер өркениеті мен түркі әлемі мөдениетінің өзара тығыз байла ныста болғандығын ерекше атап өткіміз келеді. Қазірдің өзінде шумер тіліндегі 400-ден аса сөз түрік сөздеріне үқсас сияқты толып жатқан ғылыми түжырымдар осы пікіріміздің айқын дөлелі сияқты. Шумер-Аккад өркениетінің тікелей мұрагері ежелгі Вавилон болды. Б.з.д. II мыңжылдықтың ортасында Хаммурапии патшаның тұсында (б.з.д. 1792—1750 ж. патшалық қүрған) Вавилон қаласы бүкіл Шумер және Аккад облыстарын өзінің қол астына біріктірді. Хаммурапидың кезінде екі метрлік тас діңгекке сыналап жазылған атақты заңдар жинағы өмірге келді. Хаммурапи заңдарында Қос өзен алқабының ежелгі түрғындарының шаруашылық өмірі, салт-дәстүрлері мен әдет-ғүрыптары және дүниетанымы кеңінен көрініс тапты. Бір кездерде қуатты Вавилон патшалығы мен және үлы Ассирия державасы туралы деректер өткен ғасырға дейін тек Библиядан, сондай-ақ Геродоттың жөне тағы да басқа көне заман авторларының еңбектерінен ғана белгілі болатын. Ал Мосулдағы француз консулы Поль Эмиль Ботта Қос өзен бойында таңқаларлық археологиялық жаңалық ашып, осы бір ұлы мәдениеттің көмескі жақтарын айқындауға жол салып берді. Қос өзен бойының байырғы түрғындары суға және аспанға табынған. Суға табынушылық, бір жағынан ол қүнарлылық, береке көзі болғандықтан болса, екінші жағынан бүл өңірді талай рет ойрандаған мейірімсіз жауыздық күші болғандықтан қалыптасса керек. Вавилондықтар аспан жарықтарына жай ғана табынып қана қойған жоқ, оның құпия сырларын ашуға да талпыныс жасады. Олар күннің, айдың айналысын және тұтылудың қайталану заңдылықтарын есептеп шығарды, сонымен қатар вавилондық астрономдар аспан денелерін, яғни жұлдыздарды бақылап зерттеуде тамаша табыстарға ие болды. Б.з.д. V ғ. Вавилонда астрологиялық мектептер болған, ал жұлдыздардың өзара қашықтығын көрсететін таблицалар күні бүгінге дейін сақталған. Вавилон абыздарының ілімі бойынша адамдар құдайға құлшылық ету үшін балшықтан жаратылған. Вавилондықтар көп құдайларға табынған, солардың ішіндегі ең бастылары: Шамаш — Күн құдайы, Син — Ай құдайы, Адад — Жауын- шашын құдайы, Нергал — Өлім құдайы, Ирра — Соғыс құдайы, Вильги — От құдайы. Вавилон құдайларында адамдар бойынан кездесетін барлық қасиеттер табылды. Олар да адамдар сияқты жанұя құрып, ұрпақ жалғастырды, байлық пен мансаптан да бас тартады, күншілдік, даңққұмарлық, өз мүддесін ойлау, түрақсыздық сияқты жат қасиеттер оларға да төн болды. Адам тағдыры осы қүдайлар қолында болды, ал олардың еркін тек абыздар ғана болжай білді. Абыздар шынында да көп білетін — бұған абыздар ортасында дүниеге келген Вавилон ғылымы дәлел. Арбау, дуалау және сиқыршылықтың түрлері абыздар мен жүлдыз есептеушілердің ғана қолынан келетін болған. Міне, сондықтан да олардың даналығы сиқырлы, бейне табиғаттан тыс дүние есебінде құрметтелген. Кейінгі ғасырларда Вавилонның қуаты мен саяси маңызы адамдардың ең ежелгі және ұлы мәдениеттердің бірін гүлдендіріп, одан әрі дамыту ассириялықтардың үлесіне тиді. Грек-рим мәдениетінің арасындағы өзара байланыс қандай болса, ассириялықтардың өздерінің оңтүстіктегі көршілері вавилондықтарға қатысы да сондай болды. Олар Вавилонның дінін, мәдениеті мен өнерін қабылдап, оны одан әрі дамытты. Ғалымдар Ассирия патшасы Ашшурбанилпал (б.з.д. 665—635 ж.) сарайының қирандыларынан бірнеше ондаған мың сына жазу тексті, соның ішінде вавилон әдебиетінің аса қүнды шығармалары бар кітапхана тапты. Шығыс елдерінің ішіндегі ең әйгілі, ең бай бүл кітапханада вавилондық өдеби шығармалармен қатар, заңдар жинағы, тарихи туындылар мен ғылыми еңбектер де жинақталған. Ал осы сарайдан табылған «өліп бара жатқан ұрғашы арыстан» (б.з.д. VII ғ. Лондон. Британ музейі.) —дүниежүзілік маңызы бар өнер туындыларының қатарына жатады. Денесіне садақ қадалып, енді ең соңғы күшін жинап алып орнынан көтерілуге әрекет жасап тұрған бұл ұрғашы арыстан трагедиялық ұлылыққа бөленген. Жан тапсырар алдындағы аласапыран сәтті мүсінші өте әсерлі де, нақты бере білген. Б.з.д. Ассирия өнері патшаның билігін, оның құдіретін дәріптеді. ӀӀ-Сарон патшаның (б.з.д. VII ғ.) сарайында адам бейнесіндегі аса зор, әрі айбынды қанатты бұқалар бейнеленген. Әрбір бұқаның тура бес аяғы бар. Осы бейнелерді көргенде: «Артық аяғы не үшін қажет болды екен?» — деген сұрақ еріксіз ойға келеді. Белгілі ғалым Л. Любимовтың пікірінше, «Бүлар қайырымды кемеңгерлер, патшалардың салтанатты сарайларын жаулардан қорғаушы күзетшілер, сарайға кіруші әркім жанынан өтіп бара жатқанда — ауыр салмағымен, қозғалысынан, ал алдынан қарағанда —одан да кем соқпас айбарлы сабырлылығымен зәре-қүты қалмай қорқып тұруы үшін оған артық аяқ жасалған». (Любимов Л. Ежелгі дүние өнері. — Алматы,1980. — 124-бет). Ассирияның Алдыңғы Азиядағы үстемдігі тым ұзаққа созылған жоқ, б.з.д. VI ғ. Вавилон мен Ассирияның орнын қуатты Иран империясы басты. Осылай алдыңғы Азияда өз үстемдігін басқа да елдерге орнатқан жаңа мемлекет орнықты. Оның құрамына Вавилон мен Ассирия, Кіші Азия мен Египет, Мидия, Армения, Сирия және Орта Азия да енген болатын. Өзі бағындырған халықтардың мәдениетінен сусындаған Иран мәдениеті негізінен Шумер өркениетінің әсерімен қалыптасқан. Олай болса «Иран шумерлік мәдениетінің екінші үйі болып табылады» деген А. Тойнбидің пікіріне қосылмасқа шарамыз жоқ. Иран мәдениетінің шарықтаған кезеңі — Ахменидтер династиясының үстемділігімен (б.з.б. VI—IV ғ.) тұспа-тұс келеді. Ахменидтік иран өнері, ғалымдардың пікірінше, нағыз сарайлық өнер болды. Бірақ Ирандық өнерде сабырлылық пен байсалдылық сарын болды, ассириялықтардың өнерінде байқалатын мейірімсіздік — қайырымсыздық қасиеттер кездеспейді десек те болады. Ең бастысы — мәдени мирасқорлық дәстүр бүзылмай сақталған. Ирандық бейнелеу өнеріне аңдарды, олардың ішінде қанатты бұқаларды, арыстандар мен барақ иттерді (ұзын жүнді иттің бір түқымы) бейнелеу — осы өнер саласындағы басты элемент болып қала береді. Мысалы, Ассирия сарайындағы сияқты Пасаргадыдағы, Персопольдегі және Сузыдағы сарайлардың қақпасының алдында айбынды қанатты бұқалар орналасты. Басқа мәдени мұраларға еліктей отырып, парсы сәулетшілері өнері саласында талай тамаша жаңалықтар ашты. Солардың бірі — «ападана» болатын, яғни түрлі-түсті тастардан жасалған, тұтас орман тәрізді жүздеген жеңіл, тіп-тік көп колонналы тақ залы. «Патша сарайларының сән-салтанаты өткен ғасырларда басқа мемлекеттерде жасалғанның бәрін дерлік басып өтті», — деген ғалымдар пікірінің ақиқаттығына сәулетшілік өнердің әрі әдемі, әрі үйлесімді ескерткіштері айқын дәлел бола алады. Иранның сарайлық өнері — мерекелі де, салтанатты өнер болды, тіпті жеңістерді дәріптегеннің өзінде де қатыгездіктен ада таза өнер екендігін көрсете білді. Иран өркениетінің тірегі — зороастризм діні болды. Ол мемлекеттік дін болғандықтан мемлекет тарапынан үлкен қолдау тапты. Зороастризм тек қана діни наным-сенім жүйесі ғана емес, сонымен қатар философиялық, дүниетанымдық жүйе болып табылады. Зороастризм ежелгі заманның философиялық жүйелерінің қалыптасуына, христиан және ислам діндеріндегі жорамалдық ілімдерге де зор эсер етті.  Зороастризм дінінің негізін қалаушы Заратуштраның өмірі мен ілімі туралы ғылымда әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Ғалымдардың айтуынша, Заратуштра грекше «Зороастр» деген сөз ежелгі Иранның сөзінен шыққан «түйелі адам», «түйе жетектеген адам» деген мағына береді. Зороастризмнің қасиетті кітабы — әдеби және мәдени жәдігер «Авеста». «Киелі Авеста кітабы» ежелгі мәдениеттен хабардар етіп қана қоймай, сол дәуірдегі заман оқиғаларынан терең мағлұматтар беріп, көне тарих беттерінен сыр шертеді және ежелгі Иран тілдерінің ең ежелгі, ең қүнды ескерткіштерінің бірі болып саналады. «Авестаның» зороастризм жайындағы көп нүсқаулары бізге толық жетпеген. Оның ең көне бөлігі «Гат» деген атпен белгілі. «Киелі кітапты» — энциклопедиялық туынды деп қарастырсақ та болатын сияқты, өйткені мүнда түрлі ғылым салаларымен қатар, заңдар туралы, адамгершілік хақында толып жатқан қызықты деректер кездеседі. Сонымен қатар «Авеста» тарихи ескерткіш те болып саналады. Мұнда ұлы пайғамбар Зороастраның есімімен аталған зороастризм діні туралы мағлұматтар осы «Авеста» арқылы біздің заманымызға дейін жетіп отыр. «Киелі кітапта» адамның ақыл-ойы, оның өсіп-жетілуі, еңбектенуі, өзгеруі, табыстарға жетуі және т.б. өмірлік мәселелер жырға қосылады. Сонымен қатар, әділ патша билігі, жарқын өмір сүру, тату-тәтті қарым-қатынастар орнату, іс-әрекетті ақылмен жасау, адал еңбекпен күн көру, адамдарға шексіз қайырымдылық жасау сияқты өмірлік мәселелер сөз болады. Зороастризм бойынша, әлемде бір-біріне қарама-қарсы екі негіздің — жақсылық пен ізгіліктің құдайы, нұрдың, өмірдің, ақиқаттың рәмізі Ахура-Мазда мен зұлымдықтың белгісі, қараңғылық пен өлім таңбасы Анхра-Майньюдің арасында толастамайтын күрес жүріп жатады. Өз қарсыласына қарсы күресте Ахура-Мазда адамды жаратады. Демек, әлемде екі қүдай бар, оның біреуі — мейірімді қүдай Ахура-Мазда да, екіншісі — мейірімсіз қүдай Анхра-Майнью. Бұл діннің аңыздары болашақ жайындағы күрделі ілімді де уағыздайды. Олардың болжамынша, дүниежүзілік тарих 12 мың жылға созылады, оның үш мың жылы «Алтын ғасыр кезеңі», яғни құс үстіне бозторғай жүмыртқалайтын заман болады. Бүл дәуірде ауру да, өлім де, аш-жалаңаштық та адамды қинамайды. Иран өркениетінің тағы бір жетістігі — ондағы ескі парсылық сына жазуы. Вавилондық сына жазуда 300 таңба болса, парсыларда бар-жоғы 43 таңба қалған. Б.з.б. IV ғ. Иранда Сасанидтер династиясы үстемдік етті. Олар өздерінің ата-тегін құдайлармен байланыстырды, табиғат күштеріне сыйынды, отқа, суға табынды. Өкінішке орай, Сасанидтер династиясының көптеген мәдени мұралары әр түрлі тарихи жағдайларға байланысты құрып кетті. Гүлденген Сасанидтер мәдениетінен қалғаны — патша сарайлары мен сәулетті храмдардың үйінділері, ондаған алтын, күміс ыдыстар, парсы кілемдері мен жібектің қалдықтары ғана. Сөйтіп, адамзат мәдениетінің ең құнарлы бастамаларының бірі болған бұл мемлекет те құлады. Б.з.б. IV ғ. Александр Македонский жаулап алғаннан кейін Иран дәл Египет сияқты эллинистік мәдениетінің арнасына қосылды.

Пікірлер