Қордай ауданында әскерилер бес адамды құтқарып қалды

3681
Adyrna.kz Telegram

  Әскери қызметшілер Қордай ауданының Сортөбе ауылында өртеніп жатқан үйден бес адамды құтқарып қалды.

Капитан Ержан Арыстанбеков пен патрульде жүрген қатардағы әскерилер Ерқанат Базарбай мен Нұрбек Дүйсенбин сенбі сағат 7.30 кезінде үйлердің бірінің шатыры жанып жатқанын көріп қалады.

"Әскерилер өртеніп жатқан үйден бес тұрғынды шығарып алды, оның үшеуі бала. Жедел штаб оқиға орнына екі көлік жіберді, олар үш минутта жетті", - деді хабарлады Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі.

Өрт шыққан аудан қоршауға алынды. Өрт сөндіру көліктері апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізді.

Возгорание дома в Сортобе
© PHOTO : ПРЕСС-СЛУЖБА НАЦИОНАЛЬНОЙ ГВАРДИИ РК
Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері бес тұрғынды құтқарып қалды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, зардап шеккендер жоқ.

Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері 7 ақпанда тәртіпсіздіктер болған Қордай ауданында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.

Айта кетсек, қақтығыс салдарынан 10 адам қаза болды, 185 адам зардап шекті. Оның 34-і ауруханаға жатқызылған. 39 үй, 20 коммерциялық нысан және 47 көлік өртеніп кетті.

Sputnik.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер