Тағыр-тайық. Ежелгі түркілер құрбандық шалған ба?

2160

Д.Банзаров пен К.Яковлевтің пікірлерін негізге алған Л.Гумилев тағыр-тайық әдет ғұрпы бойынша түркілердің көк Тәңірге сыйынуы аруақтарға сыйынуынан жоғары тұрады деп есептейді. Тағыр-тайық дәстүрінде бүкіл қауым ерлері жиылып, тәңірі құрметіне құрбандық шалады. Сойылған мал еті түгел таратылып, құрбандықтың аяғы үлкен тойға ұласады.

Л.Гумилев тағыр-тайық дәстүрінде адам рухынан жоғары құдірет күшіне табынушылыққа баса назар аударып, ол құдірет күшін «жарық» деп көрсетеді. Ақылға-ойға тәуелсіз адам өміріндегі рухани қажеттіліктер «тағыр-тайық» іспетті құрбандық шалумен толысады. Бұл қажеттілік адамның психологиялық әлсіздігінен туындаған әрекет емес, оның мәні одан да тереңде жатыр. Сонымен, түркілер көкке, Күн мен Айға жоғарыдан шапағат беретін күш есебінде табынумен қатар, ата-баба рухын да қастерлеген. Адам жер мен көктің аясында дүниеге келіп, соның аясында өмірден өтеді. Яғни тәні жер-ана қойнауына қойылса, рухы көкке көтеріледі. «Аруақтар өзінің ұрпақтарына қиыншылықта сүйенер сүйеніш болған. Сондықтан соғыс шайқасына кіргенде, ат бәйгеден келе жатқанда және палуан күресінің жұлқысында ата-бабаларының атын ұран етіп шақырып, олардың аруағынан медет күткен». Тәңірге шалынған құрбандық ата-баба рухына да тиесілі етілген.


«АДЫРНА».

 

Пікірлер
Редакция таңдауы