Зайсанға келген облыс әкіміне халық "шекара жабылсын" деп талап қойды (видео)

3483
Adyrna.kz Telegram

Кеше Фейсбук әлеуметтік желісінде Бекбей Бек есімді азамат бүгін Зайсанда коронавируске байланысты жүрттың дүрлігіп кеткені туралы жазып ақпарат қалдырған болатын.  Ол өз жазбасында: "Зайсан ауданының Сарытерек ауылының тұрғындары бүгін 19.02.2020 сағат 15:00 наразылықпен ауылдың амбулаториясының алдына жиналды. Бүкіл бір ауылдың тұрғындары наразылықа жиналды. Ауылдың тұрғындарын еш ескертусіз аудандық аурухананың бас дәрігері мен оның орынбасарлары "мынау бұйрық" деп бір жапырақ қағазбен ертең таңертең Қазақстан мен Қытай мемлекетінің Майқапшағай шекара бекетінен автобуспен Қытайдан бері келген жолаушыларды Қытайдағы аты шулы корановирусқа байланысты Қытайдан келген адамдарды 14 күнге Зайсандағы Сарытерек ауылдық амбулаториясына жатқызып бақылау жасамақ екен. Ал ауылдық амбулаториясын ауылдық мәдениет үйіне көшірмек . Амбулаторияға шекарадан кірген жолаушыларды жатқызбақ. ауыл халықты аудан билігі, жауапты мекемелер құлақтандыру жұмысын жүргізбегеніне, ауыл халқы шулап, ауыл ақсақалдары "бізді адам санап отырған жоқсыңдар" деп  аудан әкімдігі аудан әкімі С.Ақтановтың  келуін талап етті"-деген болатын.

Бүгін осы оқиғғаға байланысты Зайсанға Шығыс ҚАзақстан облысының әкімі Даниал Ахметов келді. Жиналған халық әкімге "Бізбен ашық түрде жиналыс етуді сұраймыз. Талабымыз шекара жабылсын, Майқапшағай бекетінің жабылуын талап етеміз" деді.

Өз кезегінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов "Естеріңізде болсын, шекарадан бірде-бір шетел азаматы өтпейді. Шекарадан тек қана Қазақстанның азаматы келеді. Олар біздің туыстарымыз, балаларымыз болуы мүмкін. Ол біздің қанымыз ғой. Ертең оларды жібермесек, қалай болады? Шекарадан тек қазақстандықтар ғана өтеді. Олармен арнайы жұмыс істейміз",-деді.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер