Қордайдағы жанжал: ақсақалды ұрып-соққан күдікті сотталады

3813
Adyrna.kz Telegram

Қордай ауданында ақсақалды соққыға жыққан күдікті бірнеше аптадан кейін сотқа беріледі. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

"Қордайда қазір жағдай тұрақты, күндіз-түні Ұлттық гвардия қызметкерлерімен жұмыс істеп жатырмыз. Полиция қызметкерлеріне қол көтерген үш адамның барлығы табылды, ұсталды. Екі-үш аптада олардың ісі сотқа беріледі.

Сондай-ақ ақсақалды ұрып-соққан адам да ұсталды. Оны екінші күні тауып, ұстадық және медициналық сараптама аяқталған соң екі-үш аптадан кейін сотқа береміз", - деді ІІМ басшысы Сенатта.

"Бұл қылмыскерлер табылды ма? (...) Қай елде жүрсек те, ересектерге күш қолдану бізде болған емес. Бұл қылмыс. Қарт кісіні ұрғандар табылды", - деп қосты ол.

Бұған дейін Қордай ауданындағы тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен ақсақал ауруханадан шығарылғаны хабарланған. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер