Біртанов Бекшиннің болжамын "тәпсірледі"

2872
Adyrna.kz Telegram

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирус жұқтырғандардың жоқ екендігін айтып, Facebook-тегі парақшасында мәлімдеме жасады.

Қытайдан бастау алған коронавирус инфекциясы 115 елге таралып, кең белең алып отыр. Олардың ішінде біздің көрші, шекаралас елдер де бар. Біз олармен тікелей әуе қатынастарын орнатқанбыз. Әлемнен түгелдей оқшаулану мүмкін емес екендігін барлығымыз білеміз, түсінеміз. Еліміздің аумағына инфекцияның енуі мүмкін екенін де жоққа шығармаймыз. Бірақ Үкімет коронавирус инфекциясының елімізге кіріп, таралып кетпеуі үшін барлық қажетті шараларды атқарып жатыр. Бүгінде елімізде коронавирус жұқтырған бірде-бір жағдай анықталмады, - деді Біртанов.

Еліміздің бас санитары Бекшиннің елімізде 1-2 күнде коронавирус инфекциясының анықталып қалады деген  болжамы, тек біздің ғалымдардың статистикалық моделдеу әдісінің болжамы ғана екендігін де жеткізді.

Олар еліміздегі жолаушылар ағымы мен әлем бойынша таралып жатқан инфекцияның таралуын бастапқы дерек ретінде алып, болжам жасап отыр. Ескеретін жайт, сыртқы факторлардың әсерінен деректер үнемі өзгеріп отырады. Ланцет журналында осыған ұқсас болжам жасалған. Яғни инфекцияның Қытайдан өзге мегаполистерге таралуын болжаған. Біздің ғалымдардың болжамы жүзеге аспауы да мүмкін. Тағы да есертіп айтамын, Қазақстанда коронавирус инфекциясы бүгінгі күнге дейін тіркелмеді, - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, Бекшин елімізде 11-16 наурызда коронавирус тіркелуі мүмкін деген болжам айтқан болатын.

 

Пікірлер