Коронавирус: жалған ақпар таратқан тұрғын сотталуы мүмкін

4224
Adyrna.kz Telegram

Балқашта коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ktk арнасы.

Қала тұрғыны медициналық колледждің жатаханасын кесел жұқтырды деген күдікке ілінген 300 адам орналастырылатыны жайлы ватсап желісі арқылы ақпарат таратқан.

- Қазір коронавирус күдігі бар 300 адамды осында әкелгелі жатыр. Бұл жер шағын, кішкентай, қырылып қалса, ешкім білмейді, ешкімнің ештеңесі кетпейді депті.

Бұл ақпаратты қала тұрғыны колледже оқитын қызын алып кетуге барғанда естіпті-мыс. Жатаханадан студенттерді шығарып, бос орындарды карантинге алғандарға дайындап жатқанын көзімен көргенін де айтқан. Аталған ақпарат желіде желдей есіп, онсыз да үрей құшағында жүрген жұрттың есін алды. Полиция ақпарат таратушы тұрғынды оңай анықтап, қылмыстық іс қозғады. Енді ол ірі көлемде айыппұл арқалауы немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қала тұрғыны болса, шындыққа жанаспайтын ақпаратты ойдан құрастырғанын айтып ағынан жырылып отыр.

- "Ақпарат расталмады. Мен өсек-аяңға сеніп, қорқынышқа бой алдырғандықтан, бұл ақпаратты бүкіл елге жайдым. Осы әрекетім үшін кешірім сұраймын", дейді тұрғын.

 

Пікірлер