Қалаларда тікұшақпен дәрі-дәрмек себіледі ме? WhatsApp-хабарлама

2260
Adyrna.kz Telegram

Бүгін елордада дезинфекция жүргізу үшін түнгі уақытта дәрі-дәрмектер себілетіні туралы хабарлама расталмаған болып шықты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Елорда тұрғындары WhatsApp мессенджерінде осындай хабарламалар ала бастаған.

"Бүгін сағат 23.00 мен таңғы 5.00 аралығында қалада дезинфекция жүргізу үшін тікұшақтан дәрі-дәрмектер себіледі. Барлық терезе мен балкон жабық болуы тиіс, сағат 23.00-ден кейін далаға шығуға болмайды. Әскери бөлімдегілер осылай деді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, соңғы ресми деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 27 адамға жетті.

Пікірлер