Ақтөбеден короновирус шықты

4756
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырған бір адам анықталғанын хабарлады. Осылайша елде вирус жұққандар саны 58-ге жетті деп хабарлайды "Адырна".

Қазіргі уақытқа дейін Нұр-Сұлтанда – 31 адам, Алматыда – 23 адам, Қарағандыда – 2, Алматы облысында – 1 адамнан короновирус табылған болатын.

"Азаттықтың" мәліметінше әлемде Covid-19 коронавирусы 300 мыңнан астам адамға жұқты. Қаза болғандар саны 13 мыңнан асып кетті. Вирус 180-нен астам елге тарады. 92 мыңнан астам адам дерттен айыққан.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде адамдар мен созылмалы ауруы бар адамдарға ауыр салдары бар.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер