ОЛЖАС ӘБІЛ: Қайтадан ала сөмкені алып, Қытайдан тауар таситын кез келді

2530
Adyrna.kz Telegram

Мына суреттегідей сөмкелеріңіз қалды ма?
Үйден ала сөмке таппасаңыз сатып алыңыз.

Мұнайдың бағасы баррель 25 доллардың маңайына жақындай түсіпті, келешекте біздің urals маркалі мұнай одан да төмен түседі екен.
Қайтадан ала сөмкені алып, Қытайдан тауар таситын кез келді. Дордой, барахолкаға бет алып, тіршілік жасаймыз...
Өйткені мұнайсыз Қазақстан дегеніміз үлкен Қырғызстан сияқты ел ғой..

Бірақ әділдігін айта кету керек, құдай бізге "экономикаларыңды құрып, мемлекеттілігіңді дереу бекітіп алыңдар" деп, бақандай отыз жыл мен миллиардтаған қаржыны берді. Ол хақ.
Ал оны неге Назарбаев іске асыра алмады, ол енді басқа әңгіме.

Сіздер Әнуар Қожа дегенді білесіздер ме?
Иосип Титоны ше?
Николае Чаушеску?
Бұлар албан, серб, румын халықтарын отыз - қырық жыл билеген, халқына ауызы көбіктеніп келешекте жарқын болашақ уәде еткен коммунистік партияның көсемдері немесе нақтырақ айтсақ дарынсыз басшы, тоғышар маман, көбікауыз қырттар, көсемсымақтар.
"Түгенінші жылы түген болады, пәленінші жылы пәлен болады" деп қуатын бұлар.

Қыртып - қыртып ақыры жоғалды, ал басқарған елдері, халықтары қатты дағдарып, артта қалып мешеу боп қалды. Олар халқына үлкен обал жасап кетті.

Енді қазір, аналар саяси сахнадан кеткесін олар айтқан жарқын болашақты ақыры көрмеген әлгі халықтардың біраз адаса жүріп көздері ашылып мемлекеттерін тіпті басқа арнада қайта құрып өз сүрлеулерін тапты... Бұлардың бағы сол, бұлар - Еуропа халықтары.

Ал біз...

Біз де ала дорбамызды сүйреп міндетті түрде осы жолдан өтетін боламыз.

Пікірлер